1.4 Дефектоскопиядан кейін жөндеуді ұйымдастыру
Әдіс магнит өрісінің ақаулар үстінен шашырауын анықтауға негізделген. Бұл әдіс ең көрнекі болып табылады, себебі зерттеу принципі зерттелетін учаскеге магниттік ұнтақты жағу болып табылады, нәтижесінде магниттік өрістің әрекеті кезінде бөлшектер магниттеледі және қосылады. Жарықтар аймағында ұнтақтың жиналуын көзбен көруге болады. Бұл әдіс түрлі пішінді бөлшектерді, дәнекерленген тігістерді, тесіктердің ішкі беттерін бақылауға мүмкіндік береді.
4-сурет – Магнитті – ұнтақты дефектоскоп: 1 – ажыратқыш, 2 – өзекше, 3 – клеммдік қалқан, 4 – корпус, 5 – үшжильдік кабель, 6, 7-магниттеуші және қосымша катушкалар
Капиллярлы дефектоскопия әдісі жай көзбен жұқа беткі жарықтар мен материалдың қатпарлығын анықтауға мүмкіндік береді. Беткі жарықтардың қуыстары капиллярлық күштердің әсерінен өтетін арнайы индикаторлық заттармен (пенетранттармен) толтырылады. Артық пенетранттан тазартылған бетке сорбциялық қасиеттері бар ақ айқындағыш (магний тотығы, тальк және т.б.) жұқа ұнтағын жағады, соның есебінен пенетранттың бөлшектері жарықтың қуысынан бетіне шығарылады, жарықтың контурын бейнелейді және ультракүлгін сәулелерде жарқырайды.
Әртүрлі әдістердің артықшылықтарын, кемшіліктерін және әрекет ету принциптерін түйіндей отырып, келесі қорытындылар жасауға болады: коррозиялық зақымдануларды (сыртқы және ішкі) анықтау тиімділігі ультрадыбыстық дефектоскоптардың көмегімен Дефектоскопия нәтижелерін қосымша өңдеу нәтижесінде жоғарылауы мүмкін. Құбырларды тексеруге арналған қызметтер ультрадыбыстық және құйынды дефектоскоптар өзінің сипаттамалары мен кең таралуы бойынша оңтайлы болып табылады. Дефектоскоптардың жаңа модельдерін енгізе отырып, қызметтер өнімділігі ұлғаюда, бірақ қазіргі заманғы техникамен жұмыс істеу үшін білікті және даярланған мамандар талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |