1 «Павлодар вагон жөндеу депосы» өндірістік филиалының техникалық базасы
Қазақстанның жүк теміржол тасымалдаушысы «Павлодар вагон жөндеу депосы» АҚ 2016 жылдың маусым айында құрылған.
«Павлодар вагон жөндеу депосы» АҚ құрылымында Қазақстан теміржолдарының жүйесі бойынша клиенттерге қызмет көрсететін және жүктер тасымалына қатысты қызметтердің толық кешенін ұсынатын жол бөлімшелері мен локомотив деполарынан құралған филиалдық жүйе бар.
«Павлодар вагон жөндеу депосы» АҚ мұнай және газ, метал, көмір және өнеркәсіптің өзге салаларындағы өндірістің сегменттерінде ірі компаниялардың жүктерін тасымалдаудағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
«Павлодар вагон жөндеу депосы» АҚ даму стратегиясы (бұдан әрі – «ҚТЖ-ЖТ» АҚ Стратегиясы) Қоғамды 2020 ж дейінгі мерзімде дамытудың негізгі мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдарын анықтайды.
Міндет пен стратегиялық басымдықтарға қатысты негізгі стратегиялық мәлімдемелер Қоғам үшін қысқамерзімді, ал локомотив шаруашылығы, жалпы Компания және ілеспелі өндірістер үшін ұзақмерзімді сипатқа ие болып, 2020 жылға дейінгі онжылдық мерзімге олардың стратегиялық мақсаттарын, міндеттерін және перспективаларын анықтайды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы, Бас директорының міндетін атқарушы
Алматы теміржол көлігі инженерлері институтының «Теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1984 жылы Целина теміржолының Целиноград бөлімшесіндегі жүк операцияларын жүзеге асыру бөлімінде кезекші қызметінен бастады. Әскерден келген кейін теміржолға қайтып келіп 1986 жылдан 1992 жылға дейін жолсерік, машинистің көмекшісі, поездің диспечері болып жұмыс істеді.
1992 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-да әртүрлі басшылық қызметтерінде жұмыс атқарды. Бас инженер, Ақмола тасымалдау бөлімшесіндегі техникалық жұмыс бойынша бөлім бастығының орынбасары, «Тасымалдауды басқару орталығы» - «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ филиалының тасымалдау процесінің үйлестіру басқармасының бастығы, - «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ның Тасымалдау басқармасының тасымалдау процесінің үйлестіру басқармасының бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2008 жылдан «Павлодарлық жол бөлімшесі» - «ҚТЖ»ҰК»АҚ филиалының директоры, «Магистралдық торап басқармасы» – «ҚТЖ»ҰК»АҚ филиалының директоры және басқарушы директор қызметін атқарды.
«Қазақстан темір жолына 110 жыл», «Достық – Алашанькоу темір жолдарының түйіскеніне 20 жыл», «Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл» төс белгілерімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.
2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың мамырына дейін «Қазтеміртранс» АҚ-ын, 2016 жылдың мамырынан шілдесіне дейін «Қазақстан темір жолы»ҰК»АҚ-ның Тасымалдау процесінің басқармасын басқарды.
2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 4 маусымына дейін «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» АҚ-ның операциялық қызмет бойынша Вице-президенті қызметін атқарды.
2017 жылдың 5 маусымынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ-ның Басқарма Төрағасы (Президенті) қызметін атқарды.
Вагон-ресторандар және вагон барлар жолда келе жатқан жолаушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін арналған. Мұндай вагондар зал, ас бқлмелі, қоймалар, мұздатқыш камералары (азық-түлік сақтайтын), қызмет көрсетушілерге арналған купе және басқа бөлімдер болады.
Багаж вагондары пошта жүктерін тасымалдайды. Бұл вагондарда пошта операцияларын орындайтын зал және қызмет көрсетуші персоналға арналған орын бар.
Жолаушы паркінде пошта-багаж вагондары да бар. Жолаушы тасымалдайтын вагондардан олардың айырмашылығы – жобасы мен ішкі жабдықталуы. Арнайы жолаушы вагондарына жатады: қызметтік және санитарлық вагондар, вагон клубтар, вагондар электр станциялары, т.б.
1-сурет – Жолаушы вагондары
Олардың люктер мен жылжымалы есіктермен жабдықталған, жүкті тиеу және түсіруді қамтамасыз ететін, вагондары желдетіліп, тазартылатын жабық кузовы болады.
Изометриялық вагондар жазда тез бұзылатын жүктерді (ет, балық, жеміс-жидек), ал қыста – тұздаудан қорқатын жүктерді (көкөніс, жеміс-жидек) тасымалдайды. Кузовтарында салқындатқыш және жылытқыш жабдықтары бар, олар вагон ішінде қажет температураны ұстап тұрады. Вагондарда кез келген температуралық режим жасалады, 15–18 0С дейін. Жүк вагонының ішінде температура біркелкі бөлінеді. Оның өзгеруі 2–3 0С дейін тербеліп тұрады.
Жартылай вагондар жаппай ақтарылатын жүктер – көмір, кен, кокс, флюс тасымалдауға арналған. Жартылай вагондардың кузовы ашық, тиеу және түсіруге ыңғайлы, жартылай люкке сусымалы жүк түсіріледі; сондықтан олар өздері түсіретін вагондар деп аталады. Жартылай вагондар төрт осьті, алты осьті және сегіз осьті болады.
Цистерналар дегеніміз – кузовы цилиндрлік қазан болатын жүк вагоны. Цистерналармен сұйық және газ тәрізді жүктерді тасымалдайды. Қазанға жүк құймауы үшін цистерналар қақпақтармен, ал одан құйып алу үшін – құю құралымен жабдықталған тасымалданатын жүктің түріне қарай цистерналар мұнай, бензин, спирт, ұышұыл, сүт, газ цистерналары болып бөлінеді.
Думпкалар және хопперлер – өздері түсіретін металл вагондар, кен және құрылыс материалдарын қысқа ара-қашықтықтарда тасымалдауға арналған. Вагон хоппер темір жолдармен астық және басқа азық түліктерді гравитациялық тиеп, астыңғы люктер арқылы рельсаралық кеңістікке түсіріп тасымалдауды қамтамассыз етеді. Түсіру механизмінің жетегі – қолмен. Бұл вагон тыңайтқыштар тасымалдау үшін де пайдаланылады, ондағы вагон кузовының үстін эпоксидті смола негізінд эмальмен бояйды.
Платформаларда ұзын жүктер, станоктар, машиналар, дөңгелектер жүретін машиналарды, атмосфералық жауын – шашыннан жаппай-ақ тасымалдау үшін арналады. Жүктер қабылдау – түсіру құрылғылары пунктерге түсіріледі.
Көліктің түріне қарай көлік құралдарын топтастырудың түрлі жүйелері қолданылады.
Теміржол көлігінде локомотивтер топтастырылады:
- типі бойынша (электровоздар, тепловоздар, газотрубовоздар, паровоздар);
- секцияларының саны бойынша (бір, екі, үш секциялы);
- колея ені бойынша (жалпақ және жіңішке);
- осьтерінің саны бойынша (сегіз осьті, алты осьті, төрт осьті, үш осьті, екі осьті);
- қызметі бойынша (жүк, жолаушы, маневрлік және маневрлік-сүйреу, өнеркәсіптік көліктің);
- беру типі бойынша (тұрақты, тұрақты-ауыспалы немесе ауыспалы-тұрақты тоқтың электрлік және гидромеханикалық) болып бөлінеді.
Электровоздар тұрақты, ауыспалы және қосарлы қорек беру электровоздары болып бөлінеді.
Жолаушы локомотивтері жолаушы пойыздарын жүргізу үшін арналған және жоғары конструкциялық жылдамдықтарға (160 км/сағ; одан да жоғары) есептелген. Жүк локомотивтері ауыр пойыздардыжүргізуге арналған. Олар тартудың қонақты күшін дамытуы тиіс. Маневрлік локомотивтер маневрлік жұмыстарға арналған және үлкен емес қуаттарға, конструкциялық жылдамдықтарға есептелеген.
Бірдей жобамен салынған тепловоз сериялары, яғни тепловоз топтары басқы әріптері және сандары бойынша белгіленеді. Ереже бойынша, серия белгісі Т (тепловоз) әріпінен басталады. Екінші әріп беру типін көрсетеді (Э-электрлік, Г-гидравликалық). Үшінші әріп тепловоздың қызметін көрсетеді (П- жолаушы, М-маневрлік).
Цифрлар тепловоздың нөмірі мен сериясын көрсетеді. Олар бойынша шығарушы –зауытты анықтауға болады. Мысалы, 1-ден 49-ға дейінгі сериялардың номерлері магистральді, Харьковтың көліктік машина салу зауытында жобаланған тепловоздарға бөлінген.
Әріптің алдындағы цифр көп секциялы тепловоздың секциялар санын көрсетеді. Номерден кейінгі әріп не модельдендірілген варианты (3ТЭ10М), не шығарушы зауытты көрсетеді, егер де бастапқы тепловоз басқа зауытпен шығарма (2ТЭ10Л, 2ТЭ10В – Луганск, Варошиловград).
Достарыңызбен бөлісу: |