Дәрістер жинағы kkkzhN 307 «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды


Учаскелік станцияларды желілерде орналастыру



бет5/27
Дата31.03.2023
өлшемі3,3 Mb.
#173459
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 2

1.2.2 Учаскелік станцияларды желілерде орналастыру

Қолданыстағы учаскелік станциялар бұрын атап өткендей, 100-130 км қашықтықта орналасады, тепловоз тартымын енгізу және теміржолдарды электрлендіру үлкен қашықтықтарда локомотив ауысымысыз қозғалысты ұйымдастыруға мүмкіндік берді.


Қазіргі кезде айналым учаскелерінің созылыңқылығы электровоздар үшін 600 - 1000 км және тепловоздар үшін 500-800 км-ге жетеді. Одан әрі локомотивтердің айналым учаскелерінің созылыңқылығын 1500 км және одан көп арттыру қарастырылады.
1.5-суретте А және Д екі депо локомотивтері қызмет көрсететін А-Д ұзартылған учаске көрсетілген. А және В станцияларында жөндеу базасы бар негізгі депо орналасады, оларда локомотивтерге жөндеу жүргізіледі. Осы станцияларда, локомотивке жүрген жолы бойынша жөндеу талап етілген жағдайдан басқа кезде, локомотивтер ағытылмайды. Д станциясында айналымды депо орналасады, онда локомотивтердің ауысуы және оларға техникалық қызмет көрсету жасалады. Б және Г станцияларында локомотивтік бригадалардың ауысымы жүзеге асырылады. Ұзартылған учаскелерде, егер негізгі және бүйірлік бағыттарда бір сериялы локомотивтер жұмыс істейтін болса, поездардың тартымдық қызмет көрсету жүйесіне айналуына бүйірлік бағыттар да енеді. 1.5-суретте бұл - В-Е және Б-Ж учаскелері. Көптеген жағдайларда ұзартылған айналым учаскелеріне екі жол учаскелері енеді.
Ұзартылған айналым учаскелерінде локомотивтерге ауысымдық бригадалар қызмет көрсетеді. Жақын болашақта локомотивтік бригадалар-дың электр тартымдағы жұмыс иінін 400 км дейін, тепловоздық тартым кезінде 300 км дейін ұлғайту қарастырылады.
Тартымдық қызмет көрсету иінін ұзарту локомотивтерді пайдалану тиімділігін, локомотивтердің орташа тәуліктік жүрген жолын арттырады, олардың талап етілген санын азайтады және пайдалану шығындарын төмендетеді.



1-транзиттік поездардың негізгі ағыны локомотивтерінің айналым учаскелері; 2- локомотивтік бригадалардың жұмыс учаскесі; 3 - негізгі депо; 4 – электровоздардың (тепловоз) айналым пункты; 5 - локомотивтік бригадалардың ауысым станциялары
1.5 - сурет – локомотивтер мен локомотивтік бригадалардың айналым учаскелерінде учаскелік станциялардың орналасуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет