Қарағанды техникалық университеті
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
KKKZhN 3307 - «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні
5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы
6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы
Жол-көлік факультеті
Өнеркәсіптік көлік кафедрасы
2020
1 ТЕМІРЖОЛ СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Аралық бөлік бекеттері
1.1.1 Жол және көмекші қосындар
Жол қосыны – автоматты бұғаттаумен жабдықталмаған, жол дамуы жоқ желідегі жеке қосын. Әрбір қосында кезекші отырады, жартылай автоматтандырылған бұғаттау құрылғыларымен жабдықталған, станциялармен немесе жол қосындарымен өзара әрекеттесіп жұмыс істей отырып, арнайы электрлік тәуелдіктер көмегімен қосындағы кезекшіге поездар қозғалысына рұқсат ететін немесе тыйым салатын жағдайда қосын сигналын беруге мүмкіндік береді [1].
Жол қосындары қозғалыстың бағыты немесе қозғалыстың тегі бойынша негізгі жолдардың тармақталуы немесе қосылуы кезінде, ірі жасанды құрылыстар болған кезде (көпірлер, тоннельдер және т.б.) негізгі жолдардың саны өзгерген жерде салынады, екі жолды желіде бір жолды болып сақталады. Бұл жағдайда жол қосыны шағын жол дамуына ие болады: сақтандырғыш тұйық және шығу. Қосын кезекшісі стрелкалармен және сигналдармен басқарады.
Көмекші қосындар кірме жолдардың аралығында жанасу пунктіне қызмет көрсетуге арналған. Көмекші қосындар жол қосындарына қарағанда барлық аралық бойынша жүретін поездар үшін жеке бөлім бекеттері болып табылмайды. 1.1-суретте екі жолды аралықта кірме жолдардың жанасуы кезіндегі көмекші қосындардың сұлбасы көрсетілген.
1.1 - сурет - Жол және көмекші қосындардың сұлбасы
Кірме жолдар мекенжайына вагондар А станциясына келеді, сол жерден кірме жолдарға жіберіледі. Егер аралыққа кірме жол жанасатын болса (1.1, г-сурет) және вагондар онда тиеу мен түсіру кезінде ұзақ уақыт тұрса, 3-жолды берілісті қабылдау және жөнелтуге тағайындайды, 4-сақтандырғыш тұйықпен қоршайды. Мұндай көмекші қосын профильде де және жоспарда да жол дамуы бар жеке бөліктерге қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |