Phepranonum - фепранон (амфепранон) (А): 0,025 дражеде шығарылады. Таңертең және тәуліктің бірінші жартысында (тамақтан 1сағат бұрын 1 дражеден тәулігіне 2 рет) қабылдау қажет. Емдеу үзақтығы 2 айға жуық.
Desopimonum - дезопимон (A): 0,025 таб. тамақпен бірге қабылдау қажет. Бұл екі препарат та фенаминге қарағанда әлсіз, бірақ жанама әсері аз байқалады,
Mazindol - мазиндол (A): 0,001 таб. түрінде шығарылады, тамақ үстінде қабылдау қажет. Мазиндол - фенаминге қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ дәріге тәуелділік аз байқалады.
Dexfenfluramin - дексфенфлурамин (A): 0,015 және 0,06 капс. шығарылады. Артериялық қан қысымын жоғарылатпайды және тыныштандыратын әсері бар.
Барлық анорексигенді препараттар тек дәрігердің рецепті бойынша босатылып, қадағалауында болуы қажет
Құстыратын жөне құсыққа қарсы дәрілер
Құсық бұл - күрделі рефлекторлы акт, оның жүзеге асуына бұлшық еттер (асқазанның, аш ішектің, кеуде, құрсақ қуысы) қатысады. Сопақша мидың торлы қүрылымында құсу орталығы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |