Жіктелуі:
1. Тәбетке әсер ететін дәрілер
2. Құстыратын және құсыққы қарсы дәрілер
3. Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында колданылатын дәрілер
4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылуында қолданылатын дөрілер
5. Өт айдайтын дәрілер
6. Іш жүргізетін дәрілер
Тәбетке әсер ететін дәрілерді:
а) тәбетті қуаттандыратын және
б) тәбетті төмендететін дәрілер деп бөледі.
Тәбет ашатын дәрілер.
Тәбет төмендегенде тәбетті ашатын дәрілерді қолданады. Ащылар - ащы дәмі айқын байқалатын құрамында биологиялық белсенді заттары бар өсімдіктен алынған заттар. Бұлар дәм сезу рецепторларын қоздырып, ашығу орталығын рефлекторлы қоздырып, асқазан сөлінің бөлінуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартып, тәбет ашады. Ащылар ащы жусан шөбі мен жапырағының, үш жапырақты (трифоли) вахта жапырағының, батбақгы иір тамырсабағының, толғақшөптің, бақбак, тамырының, жолжелкен жапырағының құрамында болады. Ащыларды (тұнба, тұндырмалар, жиын) астан 20-30 минут бұрын қабылдайды. Ащылар асқазан секрециясының жоғарылауында, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында және рефлюкс-эзофагитте колдануға болмайды. Ащыларды гипоацидті және анацидті гастритте, созылмалы атрофиялық гастритте және т.б. тағайындайды. Ащы заттарға. бүрыш (қара, қызыл), тұрып, желкен (хрен), қыша жатады. Оларды тамақпенбірге қолданғанда тәбет ашатын қасиетері бар. Сонымен қатар инсулиннің қандағы қанттың құрамын төмендете отырып, тәбет ашатын да қасиеті бар, Бұл заттар наркоздан, жүқпалы аурулардан кейін және тәбет төмендеген жағдайларда белгіленеді. Сонымен қатар зат алмасу процесін күшейтетін, тәбетті қуаттандыратын дәрілерге: витаминдер, анаболикалық стероидтар, карнитин жэне апилак жатады, Антигистаминді препарат ципрогептадин (апетиген, перитол) орталыққа қуаттандырғыш әсер көрсететіндіктен, нейрогенді анорексияда, созылмалы ауруларда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |