Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Tinctura Absinthii - ащы жусан тундырмасы



бет197/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Tinctura Absinthii - ащы жусан тундырмасы:
25 мл флаконда шығарылады. Астан 20-30 минут бұрын 10-20 тамшыдан қабылданады. Оның құрамында абсинтин гликозиді, сонымен бірге құрамында терпен мен камфора, изомерлі абсентолы мен эфир майы бар.
Tinctura Amara - Ащы тұндырманың құрамы: толғақшөптен, үш жапырақты су перісі жапырағынан (60,0), иір тамырсабағынан, ащы жусан шөбінен (30,0), кориандр жемісінен (15,0) және 40% этил спиртінен (1л дейін) түратын 25 мл флаконда шығарылады.


Тәбетті төмендететін дәрілер (анорексигенді дөрілер).
Алиментарлы (ауқаттық) семіздік зат алмасу бұзылуына, сонымен қатар жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларына және т.б. алып келеді. Семіздікті емдеудің ең тиімді жолы тамағын тию, яғни ашығу сезімін басу үшін кейде тәбет төмендететін дәрілер белгіленеді. Тәбетті төмендететін дәрілерге: фепранон, дезопимон, дексфенфлурамин, (изолипан, минифаж, фенфлурамин, пондимин), мазиндол (теронак, санорекс) жатады. Әсер ету механизмі: гипоталамустағы тою орталығын қуаттандырып, тәбетті төмендетеді және ашығу сезімін төмендетеді.
Қолданылуы: алиментарлы семіздікте, сонымен қатар гормонды бұзылыстардан болған семіздікте белгіленеді.
Жанама әсері: ауыз қуысының құрғауы, іш қату немесе іш өту, артериялык, қан қысымының көтерілуі, психиканы қуаттандырғыш әсеріне байланысты тітіркенулер және ұйқысыздық (сондықтан анорексигенді дәрілер тәуліктің бірінші жартысында қолданылады), ұзақ қолданғанда үйренгіштік және дәріге тәуелділік байқалуы мүмкін. Жүктілікте, артериялық гипертензияда, ми мен коронарлы қан айналымының бұзылуында, психикалық ауруларда, гипертиреозда, эпилепсияда, психозда, бауыр мен бүйрек ауруларында қолдануға болмайды. Бұл дәрілерді глаукомада қолданылатын МАО (моноаминооксидаза) ингибиторларымен бірге қолдануға болмайды.
Бірінші анорексигенді дәрі ретінде фенамин қолданған, бірақ жанама әсері айқын байқалғандықтан, қазіргі таңда оның аналогтары қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет