Кан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоагулянттар). а) Әсері тікелей (тек қана ұю факторына әсер етеді). Heparinum - гепарин (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де - 5 000, 10 000 және 20 000 ӘБ бар) - к/т, б/е, т/а еңгізіледі. Ung. Heparini 25,0 - зақымдалған тері аймағына абайлап жағуға арналған. Ung. «Heparoid» 30,0 шығарылады.
Гепарин - протромбинді тромбинге айналуын төмендетеді, ондағы тромбиннің белсенділігін темендететін қанның ұюына қарсы жүйенің факторы. Күре тамырға еңгізгенде қан ұюының төмендеуіне тез әсер етіп, әсері 5 сағ. созылады. Натрий және кальций тұздары түрінде шығарылады. Кальций тұзы көбінесе жергілікті гематоманы сирек тудырады. Құрамында гепарині бар препараттарының бірі лиотон І000 флебитте, тромбофлебитте, варикозда сыртқа қолданылады.