орципреналин сульфаты (алупент,астмопент), фенотерол (беротек, партусистен), сальбутамол ( вентолин), тербуталин (бриканил) жатады, әсерлері ұзақ (6 сағ), бронх демікпесінде ішке, парентеральды және ингаляция тұрінде белгіленеді.
Кленбутерол (контраспазмин), формотерол (форадил), сальметерол (сальметер, серевент) - әсерлері ұзағырақ (12 сағ). Бұл препараттар тек демікпеде ғана емес , сонымен қатар түсік тастау қаупінде қолданылады.
Добутамин (добутрекс, инотрекс) – жүрек жеткіліксіздігінде кардиотоникалық дәрілік зат ретінде, хирургиялық операцияларда к/т тамшылап енгізіледі.
В-адреномиметиктерді стенокардияда, жүрек ырғағының бұзылуында және жүктіліктің алғашқы 3 айында қолдануға болмайды. а- және В- адреномиметиктер: