Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Noradrenalini hydrotartras –норадреналин гидротартраты (Б)



бет320/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Noradrenalini hydrotartras –норадреналин гидротартраты (Б) :0,2% 1 мл ерітінді ампулада шығарылып, 5% глюкоза ерітіндісімен бірге к/т тамшылап енгізеді.
Adrenalini hydrotartras – адреналин гидротартраты (Б) : 0,18% 1 мл етітінді ампулада; 0,18% 10 мл ерітінді флаконда жергілікті енгізеді.


Дәріс №
Тақырыбы: Ұйықтататын дәрілер.Эпилепсияға қарсы дәрілер.
Жоспар:
1. Ұйқы туралы түсінік.Ұйықтататын дәрілерге қойылатын талаптар.
2. Ұйықтататын дәрілерге фармакологиялық сипаттама.
3. Эпилепсияға қарсы дәрілерге фармакологиялық сипаттама.

Ұйқының екі кезеңі болады: жылдам басталатын ұйқы және баяу басталатын ұйқы.Баяу басталатын ұйқыда ағзада зат алмасу, бездің секрециясы, биологиялық белсенді заттардың бөлінуі, артериялық қан қысымының төмендеуі байқалады. Бұл саты ұйқының 75 % құрайды. Жедел ұйқы кезеңіңде адам түс көреді, ол қайталанып отырып, ұйқының 25% құрайды. Ұйқы процесінде холинергиялық және ГАМК-қ жүйе әсер етеді.


Соңғы жылдары эндогенді заттар табылған – ол гипногенді, ұйықтататын әсері бар ағзадағы пептидтер. Ол пептидтер ұйқы механизмін ашуға және жаңа ұйықтататын дәрілер іздестіруге мүмкіндік беріп отыр. Соңғы жылдары өмір қарқынының тездетуімен, стресс жиілігінің жоғарлауымен байланысты ұйқы бұзылыстары жиілеп кетті. Ұйқысыздық әртүрлі психикалық ауруларды, невроздарды туғызуы мүмкін. Сол себептен ұйқысыздық жағдайда ұйқының тәртібін бұзбау үшін күндізгі ұйқыдан бас тартып және кешке ұйықтар алдында серуендеу т. б. тыныш ұйықтауға жағдай жасау қажет. Егер де бұл тәсіл болмаған жағдайда, ұйқы бұзылысын реттеу үшін ұйықтататын дәрілер қолданылады. Ұйықтататын дәрілер ұйқының қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етеді. Ұйықтататың дәрілер ретінде әртүрлі фармакологиялық топтағы препараттарды қолданады.
Ұйықтататын дәрілерге қойылатын талаптар: тиімді, жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы және ұйқы сатысының ұзақтығына әсер етуі, ағзада жиналмауы, мүшелер мен жүйелерге кері әсер етпеуі, үйренгіштік және тератогенді әсер туғызбауы қажет.Осы күнге дейін осы талаптарға сай препараттар шығарылмаған. Классикалық ұйықтататын дәрілер: барбитураттар, кейбір алифатты қосылыстар – ОЖЖ-нің таңдамалы әсірінің жоқтығына байланысты наркотикалық типті заттарға жатады. Орташа мөлшерде – ұйықтататын, ал үлкен мөлшерде – наркотикалық әсер көрсетеді. Наркотикалық кеңдігінің аз болуына байланысты оларды наркоз үшін қолданбайды. Қазіргі кезде ұйықтататын әсері бар препараттардың ішінде негізінен психотропты дәрілерге жататын бензодиазепинді белгілейді. Барлық ұйықтататын дәрілерге емдеу мекемесінің «Рецептке арналған» және дәрігердің мөрі қойылған рецепт бланкасы бойынша босатылады.
Ұйқы келу процесі бұзылуында әсері қысқа дәрілер белгіленеді. Ұйқы келу процесі бұзылуынан басқа, ұйқы шала және ол жиі оянып, қорқынышты түс көруде әсері ұзақ ұйықтататын дәрілер белгіленеді. Егер ұйқы тез оянуымен өтетін жағдайда, оянған кезде әсері қысқа немесе ұзақ дәрілер белгіленеді. Фармакологиялық әсері – аз мөлшерде тыныштындыратын, ал орташа мөлшерде ұйықтататын, тырысуға қарсы, анксиолитикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсер көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет