Басқа да наркотикалық анальгетиктердің ерекшеліктері: Омнопон – құрамында апиын алкалоидтары бар (морфин 50%) анальгетикалық әсері әлсіздеу, бірақ құрамында папаверин тәрізді алкалоиды бар(қаңқа бұлшық еттерінің түйілуін төмендетеді) жаңа галенді препарат. Сондықтан омнопон бауыр, бүйрек және ішек шаншуларында кеңінен қолданылады.
Промедол – морфинге қарағанда әлсіз тыныс алуды тежейді, қуықтың, АІЖ-ң, жатыр мойны және қаңқа бұлшық еттерін босаңсытады. Сондықтан босануды тездету үшін және ауысынуды сездірмеу мақсатында қолданады.
Фентанил– морфинге қарағанда 100-150 есе күшті, бірақ әсері қысқа 30 мин, нейролепанальгезияда және шоктарды алдын алу үшін қолданады.