Наркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:
1. Апиын алкалоидтары: морфин, морфилонг, омнопон.
2.Морфиннің синтетикалық алкалоидтары:промедол,фентанил,суфентанил, пентазоцин(фортрал, лексир), бутарфонол(бефорал, морадол, стадол), бупрпенорфин(норфин,темгезик), нальбуфин(нубаин), трамадол(трамал), пиритрамид(допидолор), эстоцин, тилидин,просидол.
3. Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
Морфиннің фармакологиялық әсері:
а) ауырсыну орталығын, тыныс алу орталығын тежейді.Тыныштандыратын және ұйықтататын әсері бар және эйфория тудырып, орталықтарды тежеп, дене қызуын төмендетеді;
б) морфин көз қозғалтқыш жүйке орталығын қоздырып, миозға алып келуі мүмкін, құсу орталығын қоздырады;
в) морфин АІЖ-ң сфинктерінің тонусын жоғарлатады, ішектің толқи жиырылуын(іш қату) және ас қорыту бездерінің серециясын төмендетеді;
г) морфин өт түзілуін төмендетеді;
д) несеп шығару тонусын, қуықтың және уретросфинктеррінің тонусын жоғарлатады.Соның әсерінен несептің түзілуі қиындайды;
е) морфин бронх бұлшық еттерінің тонусын жоғарлатып, бронхоспазм тудырады.
Қолдануы: наркотикалық анальгетиктер ауырсынуды басуда, басқа топ препараттары әсер етпей жатқанда, жарақатта, күйгенде, шоктарды алдын алу үшін, науқасты операцияға дайындар алдында және операциядан кейінгі кезеңдерде, қатерлі ісіктерде, миокард инфарктінде(морфин), бауыр, бүйрек және ішек шаншуларында қолданады
Жанама әсері: тыныс алу тежеледі, брадикардия, құсу, жүрек айну, іштің қатуы байқалады. Наркотикалық анальгетиктерді 3 жасқы дейінгі балаларға және егде жастағы қарт адамдарға қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |