Ұйықтататын дәрілермен жедел улану:
Абайсызда, әдейі немесе артық мөлшерлеуде улануларға алып келеді. Белгілері:ұйқының келуі, апатия, миоз, брадикардия; әрі қарай коматозды жағдай: естүссіздік, рефлекстің және тыныс алудың тежелуі, АҚ-ның төмендеуі, ауырған жерін сезбеу, дене қызуының төмендеуі, қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы, қан айналымының бұзылуы және тыныс алу салдарынан өлімге алып келуі мүмкін. Жәрдем: асқазанды шаю, гемодиализ, гемосорбция және перитонеальды диализ жасау қажет. Барбитураттармен жедел уланғанда күре тамырға оның антагонистері бемегрид (0,5% 10 мл ерітінді ампулада), флюманезил, отегімен емдеу, пневмонияны алдын-алу үшін – антибиотиктер: инфузиялық терапия – полиглюкин, витаминдер В1, В6, В12(бірге енгізуге болмайды), витамин С, АТФ; АҚ- ы төмен жағдайда - норадреналин еңгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |