Наркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:
1. анальгетик-антипиретиктер - (ауырсынуды басатын және ыстықты түсіретін қасиеті бар)
а) салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышқылы
(аспирин), натрий салицилаты, салициламид.
Acidum acetylsalicylicum – ацетилсалицил қышқылы: 0,25 және 0,5 таб. тамақтан кейін уатып сумен қабылдау қажет. Аспирин қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және ауырсынуды басатын қасиетері бар.
Жанама әсері: диспепсия, құсу, лоқсу, асқазан тұсының ауырсынуы, ульцерогенді әсері, асқазан мен ішектен қан кету, аллергиялық реакциялар, бронхоспазм, бас айналу, құлақ шуылдау және естү қабілетінің бұзылуы, қан ұюының төмендеуі мен тератогенді әсерлер байқалуы мүмкін.
Антиагрегантты және кейбір антикоагулянтты әсеріне байланысты аспиринді жүрек-қан тамыр жүйесімен байланысты тромбтың асқынуын алдын алуға кеңінен қолданылады. Аспириннің антиагрегантты әсері аз мөлшерінде байқалады 0,2-025 мөлшерде тәулігіне қабылданады. Осы мақсатта ацетилсалицил қышқылының арнайы препараттары шығарылған: тромбо АСС ,аспиринкардио ,құрамында 0,05 және 0,1 дәрілік заты бар.
Ацетисалицил қыщқылының көпіргіш таблеткалары: «Аспирин С», «Ацц+С-Меркле», « Алка - Зельтцер», « Форталгин С».
Егуге арналған ацетилсалицил қышқылы: ацелизин(аспизоль) – жедел ауырсынуда, қызу көтерілгенде, тромбофлебитте қолданылады: 1,0 флаконда +5 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, б/е, к/т – 200 мл изотонды натрий хлорид немесе глюкоза еріт. тамшылатып енгізеді; натрий слицилаты: 10% еріт. 5-10 мл амп. шығарылып, к/т енгізіледі.
Қиыстырылған препаратары: «Асфен», «Аскофен», «Кофицил», «Цитрамон», «Седальгин», «Олдон», «Ацифеин», «Миронал», «Томапирин», «РингN», Цефекон».
Достарыңызбен бөлісу: |