Вепzуlреnісіllіnum-каlium - бензилпенициллинкалий тұзы (Б): натрий тұзына ұқсас, препарат тек б/е және т/а енгізіледі. Аэрозоль және көз тамшылары түрінде жергілікті қолданылады. Күре тамырға және эндолюмбальді енгізуге болмайды, себебі калий иондары тырысу және жүрек қызметін тежеуіне алып келеді. Препарат күшті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.
Рhenoxymetylpenicillinum - феноксиметилпенициллин (Клиацил, Фау-пенициллин) (Б): 0,1 және 0,25 таб.- 2 таб. тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1/2 -1 сағат бұрын қабылдау қажет. Беизилпенициллиннен айырмашылығы қышқылға тұрақты яғни асқазан сөлінің тұз қышқылында бұзылмайды, АІЖ-да жақсы сіңіріледі. Орта дәрежелі инфекцияларда қолданылады. Жүрек айну, құсу, іш өту байқалуы мүмкін.