I. Микробқа қарсы әсер ету спектріне қарай жіктелуі:
I. Тек грамм (+) микроорганизмдерге әсер ететін антибиотиктер:
бензилпенициллиндер, макролидтер.
2. Тек грамм (-) микроорганизмге әсер ететін антибиотиктер: полимиксиндер, азтреонамдар.
3. Кең спектрлі (грамм (+) және грамм (-) әсер ететін) антибиотиктер: цефалоспориндер, тетрациклиндер, аминогликозидтер, левомицетиндер.
4. Саңырауқұлақтарға таңдамалы әсер ететін антибиотиктер: нистатин, леворин, амфотерицин В, гризеофульвин.
II. Әсер ету механизміне қарай жіктелуі:
1. Бактерицидті әсер ететін антибиотиктер:
а) Жасуша қабықшасының синтезін бүзатын: пенициллиндер, цефалоспориндер және басқа да в-лактамдар.
б) Цитоплазматикалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын: полимиксиндер, саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер.
2. Бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктер:
а) Ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзатын: тетрациклиндер, макролидтер, аминогликозидтер (бактерицидті әсер көрсетеді), левомицетин, линкомицин.
б) Нуклеин қышқылының (РНҚ) синтезін бұзатын: рифампицин, гризеофульвин.
III. Химиялық құрылысына қарай жіктелуі:
1. Бета-лактамды антибиотиктер (пенициллиндер)
2. Цефалоспориндер
3.. Макролидтер
4. Тетрациклиндер
5. Левомицетиндер (хлорамфеникол)
6. Аминогликозидтер
7. Полимексиндер
Антибиотиктер негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді. Негізгі - тиімділігі жоғары, улылығы төмен, емдеуді осылардан бастайды. Қосымша антибиотиктер - улылығы жоғары, негізгі антибиотиктер әсер етпеген жағдайда белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |