Церигель, дегмицид - медицина қызметкерінің қолын өңдеу үшін белгіленеді.
Роккал - қол мен құрал жабдықтарды (0,1% еріт.), операциялық аймақты өңдеу және сыртқы тәнді зарарсыздандыруға (0,1% еріт.), жарақаттарды өңдеуде (0,025% еріт.) қолданылады.
Мирамистин - жыныс мүшелеріндегі венерологиялық ауруларды (0,01% еріт.) алдын алу үшін қолданылады.
Анионды детергенттер - белсенділігі төмен (катиондылармен сыйымсыз): жасыл сабын теріні тазалау үшін қолданылады.
Антибактериальды табиғи препараттар. Әсер ету механизмі: бактерио-статикалық және бактериоцидті әсер көрсетеді.
Антисептикалық және дезинфекциялық заттар
Химиялық тобы
|
Препараттары
|
1. Құрамында галогені бар қосылыстар.
|
Құрамында хлоры бар: хлорамин В, хлоргексидин биглюконаты Иодты: Йодтың спиртті ерітіндісі, Люголъ ерітіндісі, йодоповидон (бетадин), йодинол, йодонат, йодопирон
|
2. Тотықтырғыштар
|
Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты
|
3. Ауыр металл тұздары
|
Сынап: сынап дихлориды (сулема), сынаптың сары тотығы
Күміс: күміс нитраты, протаргол, колларгол
Мырыш: мырыш сулъфаты, мырыш тотығы
Мыс: мыс сулъфаты
Вигмут: ксероформ, дерматол
|
4. Альдегидтер мен спирттер
|
Формалъдегид, гексаметилентетрамин
(уротропин)
Этил спирті
|
5.Фенол және оның туындылары
|
Таза фенол (карбол қышқылы), резорцин, қайыңның қарамайы, ихтиол
|
6.Нитрофуран туындылары
|
Фурациллин
|
7, Бояғыштар
|
Бриллианты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты (риванол)
|
8. Қышқылдар мен сілтілер
|
Қышқылдар: бор, салицил
Сілтілер: аммиак ерітіндісі
|
9. Детергенттер
|
Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын
|
10. Табиғи препараттар
|
Тұнбалар, тұндырмалар және баска да препараттар: календуланың, жапон сафорасының, түймедақ гулінің (ромазулан), шалфейдің (сальвин), эвкалипттің (хлорофиллипт, эвкалипт майы), шайқурай (новоиманин), сарымсақ, пияз және т.6.;антисептикалық өсімдік жинақтарын: эктерицид, лизоцим, бализ-2
|
Достарыңызбен бөлісу: |