б) Цефалоспориндер Цефалоспориндер химиялық құрылысы жағынан пенициллиндерге ұқсас, кең спектрлі, бактерицидті әсері бар, пенициллиназаға тұрақты антибиотиктер. Әсер ету спектріне байланысты 4 буыны бар.
Цефалоспориндердің І буыны: цефалоридин (цепорин), цефалексин (цепорекс), цефазолин (кефзол, цефамезин), цефалотин (кефлин). Әсер ету спектрі: ампициллиндерге ұқсас, бірақ пенициллиназа түзгіш стафилакокктарға әсер етеді, грамм (+) микроорганизмдерге сезімталдығы жоғары, грамм (-) микроорганизмдерге сезімталдығы төмен.
Қолдануы: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, пневмония, септицемия, эндокардит, терінің, жұмсақ ұлпалардың және сүйектердің іріңді инфекциялары, несеп жолдарының инфекциялары, хирургиялық инфекциялар және т.б.
Сefazolinum - цефазолин (Б): 0,25; 0,5; 1,0; 2,0 және 4,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, 2-3 мл инъекцияға арналған суда, немесе 0,9% NaCl ерітіндісі немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітіп, тәулігіне 2-4 рет б/е; 10 мл к/т баяу ағынмен, 100-250 мл 0,9% №СІ еріт. тамшылатып енгізіледі!