Аmpioxum - ампиокс (Б): 0,25 капс. шығарылып, 2-4 капс. тәулігіне 4 рет тамақтан 1 сағ. бұрын белгіленеді.
Аmpioxum-паtrium - ампиокс-натрий (Б): 0,2 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, 3-4 рет тәулігіне б/е, флакон құрамын 2-5 мл арнайы еріткіште ерітіп, 5-10 мл баяу ағынмен к/т; 100-200 мл 0,9% NaCl ерітіндісімен тамшылатып енгізіледі.Ампиокс - оксациллин мен ампициллиннің қиыстырылған препараты. Препараттарды қиыстыру арқылы әсер ету спектрін кеңейтіп, әр препараттың әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.
Амоксициллин (хиконцил, гоноформ) - ампициллинге ұқсас, АІЖ-да жақсы сіңіріліп ішке (1,0 таб.; 0,25 және 0,5 капс.) белгіленеді.
Уназин (сулациллин) - құрамында ампициллин мен сульбактамы (0,75; 1,5 және 3,0 құрғақ зат флаконда-б/е және к/т; 0,375-тәулігіне 2 рет) бар.
«Амоксиклав» («аугментин») – құрамында амоксициллин және клавулон қышқылы (официн. таб.- тәулігіне 4 рет тамақ үстінде) бар. Сульбактам мен клавулон қышқылы пенициллиназаның ингибиторы, пенициллинді инактивациядан қорғайды.
Карбенициллин - әсер ету спектрі ампициллинге ұқсас, сонымен қатар ол кекіріңді таяқшаға, протейдің барлық түрлеріне әсер етеді, бірақ стафилококктарға әсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |