Несеп конкременттерін жоятын дәрілер
Бұл дәрілерді бүйрек тас ауруларын емдеу үшін қолданылады. Қышқылды ортада ураттар, сульфаниламидтер, оксалаттар, ал сілтілік ортада фосфаттар, карбонаттар түзіледі. Несеп шығару жолдарында тұздардың көбейіп, тұңбалануынан бітелуіне алып келеді. Несептің рН-н өзгерту үшін қолданылатын дәрілер:
а) Қышқылдандыратындар (фосфатты және карбонатты тастарда): аммоний хлориді, сұйытылған хлорлы сутек қышқылы, аскорбин қышқылы және метионин.
б) Сілтілендіретіндер (оксалатты-уратты тастарда): солимок (уралит U, солуран), блемарен, магурлит, оксалит С - құрамында лимон қышқылы және үшіншілік алмасқан калий және натрий цитраттары бар. Дәрілерді нұсқауына сәйкес ұзақ уақыт қабылдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |