Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет277/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Rutinum- рутин (Vit. P): 0,02 таб. шығарылып, цитрустарда, итмұрын (шиповник) жемісі, қара жемісті шетеннің жидегі (рябина черноплодная), көк шай жапырақтарының және т.б. құрамында кездеееді. Тотығу- тотықсыздану процестеріне қатысып, капилярлардың өткізгіштігі мен жарылуын төмендетеді. Жеткіліксіздігінде капилляр жарылуы (қан кетулер) байқалады. Геморрагиялық диатезде, әсіресе аскорбин қышқылымен бірге (қиыстырылған препараттары: «Аскорутин» - «Ascorutinum») қолданған тиімді.
2. Майда еритін витаминдер
Retinoli acetas - ретинол ацетаты (Вит. А): 3 300 ХБ драже; 0,2 капс. (3 300 және 5 000 ХБ) - алдын алу үшін; 33 000 ХБ таб. жэне капс.; 25 000 ХБ; 50 000 жэне 100 000 ХБ 1 мл майлы еріт. амп. емдеу үшін б/е еңгізіледі. А витамині балық майы, сиыр майы, бауыр, сүт және сүт өнімдерінің құрамында кездеседі. Ағзада витамин А-ға айналатын өсімдіктің құрамында (сәбіз, шырғанақ, итмұрын жэне т.б.) каротин түрінде кездеседі. Тотығу-тотықсыздану процестеріне, ақуыз, көмірсу, май синтезіне, көру пурпурасына қатысады. Жеткіліксіздігінде гемеролопия (ақшам соқыр), терінің қабыршықтануы, ксерофтальмия, кератомаляция, жоғарғы тыныс жолдарының, АІЖ-ң, несеп жыныс жолдарының зақымдалуы, гипохромды анемияға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі байқалады. Гиповитаминозда, тері және көз ауруларында, күйгенде, үсуде, жүқпалы ауруларда және АІЖ-ң ауруларында қолданылады. Гипервитаминозда: бас ауыру, ұйқы келу, лоқсу, құсу, көз қарығуы (жарыққа қарай алмау), тырысулар, терінің құрғауы, дақтану, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы, буын аурулары, ал балаларда-гиперостоз, бауыр мен көк бауырдың үлкеюі, диспепсия жэне бас ауыруы байқалады. Емдеу А-витаминін қабылдауды доғару болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет