Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Тақырыбы : Қабынуға қарсы дәрілер. Аллергияға қарсы дәрілер



бет280/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Тақырыбы : Қабынуға қарсы дәрілер. Аллергияға қарсы дәрілер.
Жоспар:
1. Қабыну туралы жалпы түсінік
2. Қабынуға қарсы дәрілерге сипаттама
3. Аллергияға қарсы дәрілерге сипаттама


Қабыну деп эндогенді және экзогенді факторлардың әсерінен ағзаның зақымдануы. Қабыну реакцияларының кезеңдері: альтерация, экссудация, пролиферация. Бұл кезеңдер биохимиялық реакциялардың өзгеруінен медиаторлардың бөлінуімен (простагландин, брадикинин, серотонин, гистамин жэне т.б.) байланысты. Қабыну медиаторлардың ішінде простагландиндер күшті зақымдағыш қасиеттері бар. Олардың биосинтезінде фосфолипаза А2 және циклооксигеназа ферменттері қатысады. Қабыну процесінде осы ферменттердің белсенділігі артып, ұлпаны зақымдайтын простагландиндердің түзілуі күшейеді, олар альтерация және экссудацияның дамуына алып келеді. Қабыну медиаторының бірі брадикинин қан тамырларды кеңейтетін әсері бар, қан тамырлардың өткішгіштігін жақсартып, лейкоциттердің құрамын жоғарылатады және қабыну ошағындағы дене қызуын көтереді. Қабыну ошағындағы ауырсынудың пайда болуы, ұлпаның ісінуі мен жүйке талшықтары ұштарының сығылуына алып келеді. Осыған байланысты жергілікті қабыну белгілері гиперемия, капилляр өткізгіштігінің жоғарлауы, лейкоциттердің иммеграциясы және ауырсынулар пайда болды. Сонымен қатар қанға сіңіріліп, одан ағзаларға таралуы әртүрлі жүйелі қабыну белгілеріне алып келеді.
Қабыну кезінде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет