Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
Аллергияға қарсы дәрілер Аллерген мен оған қарсы ағзада түзілетін антиденемен өзара әсерлесуінен ағзаның сезімталдығын жоғарылататын әртүрлі аллергиялық реакциялар пайда болады. Аллергиялық реакциялардың екі түрі бар: баяу басталатын аллергия және жылдам басталатын аллергия.
Аллергиялық реакциялар ересектер мен балалар арасында өте кең таралған.
Оларға: есекжем (экзема), Квинке ісінуі, аллергиялық ринит, бронх демікпесі, анафилактикалық шок, сарысу ауруы, аутоммунды аурулар жэне т.б. жатады. Емдеу үшін ең алдымен себебін және антигенді анықтаудан бастайды. Аллерген ретінде белгілі бір тағам, өсімдік тозаңы және дәрі-дәрмектер болуы мүмкін. Кез келген дәрілік заттар аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.
Аллергиялық ауруларды емдеу үшін спецификалық емес және симптоматикалық терапия жүргізіледі.