3. Антигистаминді дәрілер (гистаминді Н1 рецепторлардың блокаторлары) - ағзаның гистаминге реакциясын төмендетіп, бронх, ішек, жатырдың бірыңғай салалы бұлшық еттерінің түйілуін басып, капилярлардың өткізгіштігі мен ұлпа ісінулерін төмендетеді. Бұл топ препараттарын әртүрлі тері және шырышты қабықшаның аллергиялық зақымдалуларында: есекжем, ангионеврологиялық ісінуде, қызба, ринит және конъюктивитте, антибиотиктермен немесе басқа да дәрілерді қабылдауымен байланысты аллергиялык, жағдайларда қолданылады. Бронх демікпесі және анафилактикалық шокта (көбінесе адреналин г/х қолданылады) тиімділігі төмен.
Жанама әсері жағынан бас айналу, бас ауыру, лоқсу және ауыз қуысының құрғауы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |