Tocopheroli acetas - токоферол ацетаты (Vit. E): 5%, 10%, 30% 1 мл майлы еріт. амп. шығарылып, б/е еңгізіледі; 5%, 10%, 30% 25 мл және 50 мл майлы еріт. флаконда шығарылыл, 5-15 тамшыдан тәулігіне 1-2 рет ішке; 0,1 капс, белгіленеді. Өсімдік майларының құрамында кездеседі. Жыныстық бездерінің қызметін реттейді. Антиоксидантты әсері бар. Өздігінен болған түсікте, бұлшық ет дистрофиясында, стенокардияда, шеткерлік тамырлардың зақымдалуында және ревматоидты артритте белгіленеді.
Витамин К («Викасол» препараты). («Қан жүйесіне эсер ететін дәрілер» тақыбына қараңыз).
Поливитаминдер
Поливитаминді препараттардың құрамында әртүрлі микро,-макро элементтер қосылған әртүрлі мөлшердегі витаминдер жиынтығы. Әртүрлі жағдайларда емдеу және алдын aлy үшін қолданылады.
Толықтырғышы жоқ поливитаминді препараттарға «Аскорутин», «Пентовит», «Гексавит», «Гептавит» «Декамевит» таблетка; «Ревит», «Ундевит» драже; «Аевит» капсула; «Витанова» грануласы және т.б. жатады.
Микро- және макро элементтері қосылған поливитаминді препараттарға: «Олиговит», «Супрадин», «Квадевит» драже; «Юникап М», «Юникап Т», «Прегнавит» (таб., капс); «Таксофит» капс., Джунгли (таб., сироп, тамшы), т.б. жатады.
Дәріс №
Достарыңызбен бөлісу: |