1. Бета-лактамды антибиотиктер
Әсер ету механизмі микроорганизмдердің жасуша қабырғасындағы синтезін жойып, бактерицидті әсер етеді.
а) Пенициллиндер
1. Табиғи пенициллиндер
Әсер ету спектрі: а) грамм (+) микроорганизмдерге; стафилококктар (пенициллиназа (пенициллиндердің в-лактамды сақинасын бұзатын фермент) өндірмейтін); стрептококктар, пневмококктар; дифтерия коринобактериялары, сібір жарасының таяқшалары; анаэробты спора түзгіш таяқшалар (газды гангрена, тырысқақ, ботулизм клостридиялары); грамм (-) микроорганизмдерге: (гонококктар, менингококктар, спирохеталар); кейбір саңырауқұлақтар (актиномицеттер). Пенициллиндер микроорганизмдердің вегетативті түріне ғана әсер етеді, ал спор түрінде әсер етпейді.
Қолдануы: пневмония, бронхит, ангина, дифтерия, тілме қабынуы, жұмсақ ұлпалардың іріңді инфекцияларына (абсцесс, флегмона, жара инфекциялары); отоларингологиялық, акушер-гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде іріңді қабыну ауруларында, сепсистік эндокардит, іріңді плеврит, перитонит, сепсис, остеомиелит, менингит, гонорея, бленнорея, мерез, сібір жарасы, көздің қабыну аурулары, актиномикоз және басқа да пенициллинге сезімтал микрофлоралардан туған жұқпалы аурулар.
Жанама әсері: әртүрлі дәрежедегі аллергиялық реакциялар.
Достарыңызбен бөлісу: |