Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
Қарсы көрсеткіштері: пенициллинге жоғарғы сезімталдық, аллергиялық (бронхиальды демікпесі, сенна қызбасында, есек жем және т.б.) араттараурулар.
а) Әсері қысқа преп (3-4 сағ.). ВеnzуІреnісіllіnum-nаtrium -бензилпенициллин натрий тұзы (Б): 250 000,500 000 және 1 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда - әр 4-6 сағ. сайын б/е, құрамын 1-3 мл инъекцияға арналған залалсызданған суда, натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен (пенициллиннің новокаин тұзы тұзіліп, ол анағұрлым ұзақ әсер етуін, ерітінді 1 тәулікке жарамды болуын қамтамасыз етеді; бензилпенициллиннің новокаин тұзының кристалдануынан пайда болған тұнба, ерітіндіні б/е енгізуге кедергі болмайды) ерітеді. Күре тамырға баяу 1 000 000-2 000 000 ӘБ (5-10 мл инъекцияға арналған суда немесе натрий хлоридінің изотонды ерітіндісінде ерітеді), 2 000 000 - 5 000 000 ӘБ тамшылатып (100 - 200 мл 0,9% NaСІ еріт. немесе 5% глюкоза еріт.) тәулігіне 1-2 рет үйлестіріп б/е енгізіледі. Препаратты қажетті жағдайда эндолюмбальді, қуыстарға, сүйек ішіне, ингаляциялық түрде енгізіп; құлақ, көз, мұрын тамшылары түрінде, инфильтраттарды жою үшін қолданады. Ішке қолданбайды, себебі асқазан сөліндегі тұз қышқылының әсерінен бұзылады.