Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері


әлеуметтенудің стилденген механизмдері



бет18/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

әлеуметтенудің стилденген механизмдері – белгілі бір субмәдениеттің аясында әсер етеді. Субмәдениет дегеніміз – жалпы түрде алғанда, белгілі бір жас мөлшеріндегі, біртекті кәсіби және мәдени деңгейдегі адамдарға тән моральдық-психологиялық және мінез-құлықтық құбылыстардың жиынтығы. Мұндай орта өзіне тән өмірлік және ойлау стилін қалыптастырады.

  • әлеуметтенудің тұлғааралық механизмі – адамның өзіне субьективті түрде маңызды адамдарымен қарым-қатынасы процесінде іске асырылады. Бұл механизмнің негізінде тұлғааралық эмпатияға, ұқсастыру мен салыстыруға (идентификация) байланысты психологиялық механизмдер жатыр. Маңызды адамдар ата-анасы, кез келген жасы үлкен сыйлы адам, құрдас достары, т.б. болуы мүмкін.

    Баланың мектептегі өмірі белгілі бір тәртіппен және ұйымдасқан түрде өтсе, ал мектеп тыс ортада ол жасырын, қарама-қайшылықта және күнделіктә ерекше жағдайларда өтеді. Мектепте және үйде баланың өзіне тиісті міндеттері болады және әр қимыл, іс-әрекеті белгілі бір дәрежелері бақылауда тұрады.
    Ал, көше жағдайында бала өзінің бақылауында және жауапкершіліктен еркін сезінеді. Сондықтан баланың мектептен тыс уақыттағы іс-әрекеттерін және бос уақыттарын қалай өткізетінін үнемі есепке алып отырудың маңызы зор. Оқушының тұратын жерін, оның жеке тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыратын және дамытатын микроортаның бірі ретінде қарастырамыз. Өзі тұрған жерінде бала мектепке дейін өз құрбы-құрдастарымен жақын қарым-қатынастарға түсіп те үлгереді. Сондықтан да баланың тұрғылықты жеріндегі тәрбие жұмыстарын төмендегі сыныпттардан бастап-ақ жүргізген жөн. Бұл орайда олардың бос уақытын дұрыс өткізуін, әрбір іс-әрекетінше үлкен қызығушылық пен және ынтамен ат салысуын қадағалау орынды болып саналады. Мектеп бұл жағдайда ата-ана мен көпшіліктің біріккен жұмысын бір арнға салып, реттеп, онда бала тәрбиесінің нәтижелі өтуіне қажетті мүмкіндіктер жасайды.
    Бала тәрбиесінің мектеп алдына қойған міндет – талаптарын тиімді жолмен шешіп және оның жан – жақты дамып әлеуметтенуін қамтамасыз ету үшін мектепте педагог психологтың маманданғанымен қоса әлеуметтік педагог мамандығы да ойластырылған.
    Әлеуметтік педагог өзінің негізгі жұмыс бағытында оқушылардың сабақтан бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесімен айналысады, ол ата – аналармен бірлесе отырып мектептен тыс уақытта көптеген қызықты іс – шаралар жүргізе алады. Мектептегі сабақтан бос уақыттағы, оқушылардың іс-әрекеттері де әлеуметтік педагогтың үлесіне тиеді.
    Әлеуметтену, әсіресе, балалар, жасөспірімдер мен жас жігіттер үшін, жоғарыда аталған барлық механизмдердің көмегімен жүреді. Бірақ, олардың ықпалының арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, ауылдар мен кенттерде өте маңызды рөлді дәстүрлі механизм иеленуі де мүмкін. Ал, қала жағда йында көбіне, институционалдық және стилденген механизмдердің рөлі басымырақ. Механизмдердің әсер етуі адамның темпераментіне, интро немесе экстраветтлігіне де байланысты.
    2.Тұтас алғанда әлеуметтену үрдісін шартты түрде төрт бөлімге бөліп қарастыруға болады:

    • Қоғам өмірінің обьективті жағдайларына байланысты және солардың ықпалы нәтижесіне де болатын стихиялы әлеуметтену. Оның мазмұны, сиаптты және нәтижелері әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени өмір шындығымен айқындалады;

    • Салыстырмалы түрде бағытталып отыратын әлеуметтену – бұл мемлкеттің өз міндеттерін шешу үшін қолданатын белгілі бір экономикалық, заңдылық, ұйымдастырушылық шаралары өз кезегінде әлеуметтік – кәсіби, этномәдени және жас ерекшеліктеріне қарай бірігетін топтардың өмір жолының өзгеру және даму сипаттарына обьективті түрде ықпал етеді (білім алу көлемі, әскери қызмет мерзімдері, т.б.);

    • Салыстырмалы әлеуметтік бақылауда болатын әлеуметтену – адамның құқықтық, материалдық және рухани дамуы үшін мемлекет пен қоғам тарапынан жоспарлы түрде жасалатын алғышарттар, жайғдайлар;

    • Азды – көпті саналы түрде адамның өзіндік өзгеруі. Адамның жеке басылық ресурстарына және өмірдің обьективті жағдайларына сәйкес немесе кереғар түрде өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіруі немесе бұзуы (проәлеуметтік, антиәлеуметтік векторлар).

    9 Дәріс




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет