Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері



бет13/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

3.Муниципалдық деңгей ең алдымен қалалық,аудандық деңгейдегі әлеуметтік жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға күш салады(мысалы,білім беру бөлімдері мен әлеуметтік қорғау басқармасы балалардың немесе қарт адамдарды қамқорлыққа алуы мәселелерін шешкен кезде).
4.Жергілікті деңгей нақты микросоциум және оның әлеуметтік – мәдени ерекшеліктерімен байланысты келеді.
Әлеуметтік жұмыс жүйесі қоғамдық сипатта (қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан немесе қазіргі заманғы Скандинавия елдерінің тәжірбиесі) болуы мүмкін .Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс жүйесін мемлекеттік-қоғами деп атауға болады.
Дүниежүзілік әлеуметтік жұмыс тәжірбиесі институттар типін жалпыпрофилдік және арнаулы деп бөлінеді.
Жалпыпрофилдік институттарға нақты қауым коммуна,тұрғындарына,т.б. шағын территориялық әкімшілік бірліктеріне қызмет ететін мекемелер (АҚШ-тағы коминити-орталықтар -,Швециядағы әлеуметтік қызметтер бюросы ,Германиядағы әлеуметтік бөлімдер,Ресейдегі әлеуметтік қорғау бөлімдері,т.б. )жатады.Бұл мекемелердің мақсат-міндеттері адамдардың тұрғылықты жеріне мейлінше жақын орналасып,барлық мұқтаждарға алғашқы әлеуметтік жәрдем көрсету.
Жалпыпрофилдік мекемелердің ерекшеліктері белгілі бір елдегі әлеуметтік көмек моделінің ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы,Германиядағы әлеуметтік бөлімдер өзіне тікелей қатысты міндеттермен қатар кей жағдайда соттардың немесе басқа да муниципалдық ведомсволардың (мысалы,түрлі әлеуметтік көмек беру жағдайларында өтініштер жазу,балаларға қамқорлық көрсетуді бағалау,өзара көмек топтарына ақыл-кеңестік көмектер беру т.б. ) жұмыстарын қосып атқарады.
Швециядағы әлеуметтік қызмет бюросы әлеуметтік жоспарлау ісіне (қауымдағы демографиялық және де басқа әлеуметтік процестерге қатысу;әлеуметтік қызмет жүйесін дамытуға өз ұсыныстарын қосу,т.б.) де белсене араласады.
Сексен жыл көлемінде барлық Скандинавия мемлекеттерінде дерлік,өскелең жас ұрпақты қорғау жұмыстарымен айналысатын Маннергейм лигасы инициативасымен ұйымдастырылған болатын.
Ауытқушылықтары бар балаларға және отбасыларға ерекше көңіл бөлген.Лига ұсынатын көмектің негізгі аспектілерінің бірі –ата-аналарға ақыл-кеңес беру.Көмек көрсетуддің формалары мен әдістері әр түрлі дәстүрліден сенім телефондарына,интернет-консультацияларна,балалар омбудсменіне және т.б.дейін барады.Бұл жайында Білім беру мекемесі басшыларның анықтамалығы журналының 2003 жылғы №1 басылымында –бала құқықтары жөніндегі ұлттық институттың рөлі туралы оның Жалпы Түсініктемесі ескеріле отырып,баяндамада осы ұлттық құқық қорғаушы мекеменің мемлекеттік органдар жүйесіндегі рөлі көрініс тапқан.Сонымен қатар Қазақстанның әр аймағындағы бала құқықтары жөніндегі омбудсмен арнайы құрылымын құруға арналған «Бала құқықтарын қорғау және бала құқықтары моноторингісінің тетіктерін жасау » бастапқы жобасын 2006 жылдан бастап өткізу турасындағы ақпарат берілген.Жоба 2005-2009 жылдарға арналған әріптестік бағдарламаның бөлігі ретінде Қазақстан Үкіметінің бірлесіп жүзеге асырылатын болады.Аталмыш жоюаның негізгі серіктесі –Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі,Омбудсмен кеңсесі,жергілікті атқарушы органдар,үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар,бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және 10 мен 17 жас аралығындағы 3 мың бала.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет