Дәріс №4.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және ақыл – ой дамуының бұзылу сипаттамасы.
Олигофренопедагогика — ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым.
Олигофренопедагогика педагогикалық ғылымның жеке тарауына әзірлеуі жалпы білім беру мектептерінің кеңейтілгеніне байланысты балалар арасындағы ақыл-ой жағынан қалып қойғандық кұбылысына дәрігерлер, ұстаздар, психолоттар мен қоғам қайраткерлердің назары аударылған кезі ХІХ ғасырдың аяғы — ХХ гасыр басына катысты. Олигофренопедагогика мазмұны болып табылатыны:
1. балалардағы ақыл-ой қалып қойғандық мэні, аномалды баланың ерекшеліктерін педагогикалық және психологиялық зерттеудің жолдары мен құралдары туралы ілім;
2. ақыл-ой дамуынан қалып қойған баланы оқытудың теориясы (дидактика);
3. көмекші мектептердегі ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды оқытудың ғылыми негіздемесі;
4. мектеп курсының пәндері бойынша ақыл-ой дамуынан қалып қойган балаларды білім мен дағдыларға оқытудың жеке әдістемелердің негіздемесі;
5. ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларда еңбекке с2тті енгізуі мен социалистік жатакхананың ережелерін орындауына қажетті жа5ымды өнегелі қасиеттерді тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістердің негіздемесі.
Ақыл-ой кемістігі – бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы. Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін (3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан дағдылардың жоғалуына әкеледі.
Ақыл-ой кемістігімен қатар болатын орталық жүйке жүйесінің аурулары бар адамдарды ерекше топқа жатқызуға болады: шизофрения, эпилепсия және т.б. Осы аурулардың қарқынды төмендеуі нәтижесінде, психикалық бейнелер жойылады, ақыл-ой кемістігі тереңдейді және де ауыр дәрежеге жетеді. Оларда эмоционалдық-ерік саласының, іс-әрекеттің және жалпы тұлғалықтың спецификалық ерекшеліктері пайда болады. Уақытылы емдеу аурудың қарқынды төмендеуін болдырмауға немесе тежелуге мүмкіндік береді.