Суды пайдалану тәсілі бойынша сумен жабдықтау жүйелері Ыстық сумен жабдықтаудың бір құбырлы жүйелерінде (Сур.12), тұрғын үйлерде қолданылатын, бір секция шегіндегі көтергіштер (стояктар) жоғарғы жағындағы бір-бірімен қосылады. Бір көтергіштен (стояктан) басқалары беруші магистралға (3) жалғанады, ал бір бос көтергіш (стояк) – циркуляциялық магистралға (4) қосылады.
Орталық жылу пунктіне қосылатын ыстық сумен жабдықтау жүйелерінде, судың біркелкі айналымын (циркуляциясын) қамтамасыз ету үшін, бос тұрған көтергішке диафрагма орнатылады.
Суды тұтынудың жекелеген нүктелеріне біркелкі жеткізу үшін, сондай-ақ ғимараттың бүкіл биіктігі бойынша құбырлардың бірдей диаметрлерін сақтау үшін, ыстық сумен жабдықтаудың бір құбырлы жүйелерінде көтергіштерды сақиналы етіп жалғайды (закольцовывают).
Сур. 12. Ыстық сумен жабдықтаудың бір құбырлы схемасы: 1-диафрагма, 2-кран, 3-беруші транзиттік магистраль, 4-циркуляциялық транзиттік магистраль
Суды пайдалану тәсілі бойынша сумен жабдықтау жүйелері Циркуляциясыз жүйелер (бір құбырлы жүйелер) (Сур.11) тек беруші құбырлардан тұрады, олар құрылымы бойынша қарапайым және бастапқы құны бойынша арзан болады. Мұндай жүйелердің басты кемшілігі - суды таратудағы үзілістер кезінде судың салқындап қалуы немесе оның мөлшерінің аздығы.
Сур. 11. Ыстық сумен жабдықтаудың бір құбырлы схемасы: 1-диафрагма, 2-кран, 3-беруші транзиттік магистраль,
4-циркуляциялық транзиттік магистраль
Су падаланудағы үзілістен кейін кранды аша отырып, тұтынушы температурасы төмен су алады және қажетті температурасы бар су пайда болғанға дейін осы суды кәрізге ағыза бастайды.
Мұндай ағызулар, тұтынушыны ыстық сумен қамтамасыз етудің жалпы нашарлауымен, кәріздің шамадан тыс жүктелуіне және су мен жылудың пайдасыз жоғалуына әкеледі.
Осы кемшіліктерге байланысты циркуляциясыз жүйелерді судың кәрізге төгілуі мөлшері көп болмаған жағдайда және су желісінің ұзындығы көп болмаған кезде қолданады