Дәрістер кешені пән: iszs 4200


Коагулянттардың ішінде ең пайдаланатындар



бет17/35
Дата08.09.2024
өлшемі2,68 Mb.
#203947
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
дәріс

Коагулянттардың ішінде ең пайдаланатындар: алюминий сульфаты Al2(SO4)3, темір сульфаты FeSO4, хлорлық темір FeCl3.
Al2(SO4)3 –ды күкірт қышқылымен алюминийді оксидін, гидроксидін, бокситтерді, коалиндерді ерітіп дайындайды.
Тазалауға арналған суға алюминийдің сульфатын қосқанда оның диссоциациясы басталады
Al2(SO4)3 → 2 Al 3+ + 3SО42-
Одан кейін алюминий сульфатының артығы гидролиз процесі жүруі арқасында тұнбаға түсетін алюминийдің гидроксиді пайда болады.
Алюминий гидроксидінің жапалақтары төменге шөккенде өзімен бірге бетіне жабысқан қалқыма заттарды да ала кетеді.
Сутегінің катиондары бұл процестің жүруіне кедергі жасайды. Оның әсерінен төмендеуіне себеп болатыны олардың судағы бикарбонаттармен реакцияға түсуі, соның арқасында сутегіне байлап рейтрилизация жасау.
Н + + Н СО 3 - →СО 2 + Н 2О
Ал бұл реакцияның өтуіне судың өз сілтілігі жетіспесе, суды қосымша сілтілейді. Ол үшін суға әк Са (ОН)2 немесе соданы Na2SO3 қосады. Әк қосқанда сутегі иондарының байлауы мына теңдеуімен өтеді
Н + +ОН- → Н 2О ,
Ал соданы қосқанда
+ + СО 3 2- → СО 2 + Н 2О
Коагулянт ретінде хлорлы темірді қолдансақ темірдің гидроксидінің пайда болу реакциясы былай өтеді
Ғе C l 3 → Fe 3+ + 3 Cl
Fe 3+ + 3 Н 2О → Ғе (ОН) + 3 Н +
Коагулянттың қажетті мөлшері Мк табиғи көздің суын технологиялық талдау арқылы немесе осы суда жұмыс істейтін тазартқы ғимараттардың пайдалану тәжірибесіне сәйкес анықталады.
Талдаудың мәліметтері жоқ болса алдын ала шама есептерге суды мөлдірету үшін коагулянттың мөлшеін тазалауға арналған судың лайлығына сәйкес 5.1-кесте бойынша қабылданады.
5.1-кесте

Судың лайлығы, мг/л

Лайлы суды баптауға арналған сусыз коагулянттың мөлшері, мг/л

100-ге дейін

25......35

100-ден 200-ге дейін

30......40

200-ден 400-ге дейін

35......45

400-ден 600-ге дейін

45......50

600-ден 800-ге дейін

50......60

800-ден 1000-ға дейін

60......70

1000-нан 1500-ге дейін

70......80

Ал судың түстілігін төмендету үшін коагулянттың мөлшерін эмпирикалық формуламен анықтауға болады


М к = 4 , мг/л
Мұндағы Т – судың түстілігі , град.
Осы екі мөлшердің үлкенін қабылданады. Коагулянттың мөлшерін анықтап және табиғи судың сілтілігін біле тұрып судың сілтілігін көбейтуге керек әктің мөлшерін анықтауға болады.
М ә =28 (М к / е – С + 1), мг/л
Ал соданың мөлшерін
М с =53 (М к / е – С + 1), мг/л
Мұндағы 28 бен 53 әк пен соданың эквиваленттік массасы ;
М к - коагулянттың мөлшері, мг/л; С-судың сілтілігі, мг-экв/л; 1-сілтілік резерві, мг-экв/л.
Осы формуламен есептелген мөлшерлер минус болып шықса, онда сілтілікті көбейтудің қажеті жоқ.
Суға қосатын реагенттер жөнді әсер ету үшін оларды сумен тез және толық араластыру керек. Бұл процесті арнайы араластыру қондырғыларында жүргізеді. Бұл қондырғылардың баптау және тазалауға арналған судың бәрі өту керек. Реагенттің ерітіндісі дозатор арқылы араластырғыштың алдындағы су жіберетін құбырға, әйтпесе қондырғының бас жағына енгізіледі.
Реагенттің ерітіндісімен судың араласуының себебі болуы араластырғышта қатты құйын сияқты судың қозғаласы пайда болуы немесе әртүрлі бұлғауышпен механикалқ араластыру жолы.
Біздің су тазарту станцияларда көбінесе қолданатын бірінші принципке негізделген қондырғылар. Араластыру қондырғылар ішінде ең көп тараған қалқалы тесікті тік құйын тәрізді және бұлғауышы бар қондырғылар.
Тесікті араластырғыштардың түрі тесігі бар қалқалар орнатылған науа сияқты болып келеді. Бұл қондырғыларды өнімділігі 24 мың м3/тәулікке дейінгі су тазарту станцияларда қолданады. Көбінесе мұндай араластырғыштарда тесігі бар үш қалқа орнатады, шығын қондырғыларды тесіктердің диаметрі 20-40мм және үлкен қондырғыларда 100мм-ге дейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет