4.5 Ішкі кәрізді есептеу
Ластанған суды әкету мөлшері үйлердің абаттандыру дәрежесіне, климаттық және жергілікті жағдайларға байланысты алынады.
Қабылдағыштарды кәріз торабына тасталған ластанған судың мөлшерлік шығындары, әкететін құбырлардың диаметрлері және тағайындалатын ылдилықтары ҚМжЕ 4.01-41-2006 талаптарына сәйкес қабылданады.
Ластанған сулардың тәуліктік шығындарын аз тұтынуға теңетіп қабылдайды, бірақ суаруға кететін су шығынын ескермейді.
Тәуліктік және сағаттық су әкету мөлшері су тұтыну мөлшеріне жақын, бірақ су құбырындағы қайтымсыз жоғалған суды ескермейді. Суды әкету режимі су тұтыну режиміне тәуелді, біркелкісіздікпен сипатталады және бір уақытта істейтін су қабылдағыштардың санымен тұтынушылардың санын байланыстыратын ықтималды сипаттамалармен бағалануы керек.
Ластанған судың тәуліктік, сағаттық және секундтық шығындарын үйдің сумен жабдықтау жүйелеріндегі шығындарды алақтау тәсілдері бойынша есептеуге болады. Сумен жабдықтау жүйесінде судың шығыны аз болғанда есепті шығыны су құбырындағы шығыннан өзгеше болатын ластанған судың бір дүркін шығаруы бақыланады. Судың шығыны көп болғанда, яғни көп қабылдағыштардың сулары тасталса, ластанған судың есепті шығыны су құбырындағы судың есепті шығынына жақындайды:
qtot<8 л/с (ыстық және суық суды қосқанда) болғанда
qs = qt+ qs0, л/с (2.1)
болғанда
qs = qtot , л/с (2.2)
мұндағы - кәріздің есепті учаскесіндегі ыстық және суық сулардың жалпы есепті шығыны, л/с;
qtot=5qtot0α , л/с (2.3)
-ластанған судың есепті шығыны, л/с;
-ластанған судың меншікті шығыны, л/с (ең көп су әкететін қабылдағыштан).
-коэффициент, есепті, учаскедегі құрал-жабдықтардың саны (N-ға) және олардың бір-біріне әсер етуі (Р-ға) байланысты ҚМжЕ 4.01-41-2006 -тің 4-ші қосымшасынан қабылданады.
Кәріздің жинағыш құбырының есепті учаскесіндегі ыстық және суық судың жалпы есепті шығыны формуласымен анықталады.Кәріз құбырларының гидравликалық режим жұмыстарының ерекшеліктерін ескере отырып шығарудың құбырындағы секундтық шығын қабылдағыштардың қосылған жерінен алыстаған сайын азаяды, сондықтан ластанған судың есепті шығыны келетін шығын -тан аз болады.Ластанған судың есепті шығыны құбырдың ұзындығына, диаметріне, ылдилығына, материалына байланысты болады.
Құбырдың түбіне лай және қалқыма заттар тұнбау үшін ластанған судың қозғалу жылдамдығы өзін-өзі тазарту жылдамдығынан кем болмау керек, ал ластанған судың тасымалдану қабілеттілігінің шартына құбырдың толу дәрежесі 0,3-0,5 болады.
8>
Достарыңызбен бөлісу: |