Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет: [2] [6]
Қосымша әдебиет: [1] [2]
Бақылау сұрақтары
1. Ішкі кәріз жүйелері қалай жіктеледі?
2. Кәріз жүйелерінің негізгі элементтерін атаңыз
3. Кәріз жүйелерінің негізгі элементтерін атқаратын міндеттері қандай?
4. Үйдің кәріздік тораптарына қандай материалдар қолданылады?
5. Ішкі кәрізді жобалаудың негіздерін атаңыз
6. Ішкі кәрізді есептеу қалай жүзеге асырылды?
7.Құрылыс алаңында кіші кәріздердің қандай тазалау үймереттері болуы мүмкін?
8. Коллекторлы-кәрізді тізбектің жұмыс жасау принциптерін қолдану жағдайлары, конструкциясы.
9. Кәріз торабының минималдық тартылуының құрылысының экономикалық тиімділігі қалай анықталынады?
10. Кварталаралық (ықшам аудандық), ауданаралық кәріздік тораптартың айырмашылықтары қандай?
ДӘРІС 5. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӘРІЗДЕНДІРУ (СУ БҰРУ).
Сарқынды суларды жинау, әкету, тазарту
Коагулянттар және олардың қолдану аясы
Су әкету құбырының кесiндi қималары
Судың кермектілігі және құрғақ қалдық
Дәрістің мақсаты: Елді мекендерді кәріздендіру жолдары мен схемаларымен таныстыру
Сарқынды суларды жинау, әкету, тазарту және су қоймасына жіберу жұмыстары суды әкету жүйесі арқасында атқарылады және ол мынадай элементтерден тұрады: үй ішілік және цехтық суды әкету құрылымы; сыртқы квартал ішілік суды әкету тармағы; сыртқы көшелік суды әкету тармақтары; сорғы станциялары, арынды құбырлар, тазарту орындары; сарқынды суды су қоймасына жіберу.
Үй ішілік суды әкету сарқынды суды қабылдау мен ғимарат сыртына шығаруға арналады.
Раковиналарда, қол жуғыштардан, унитаз, ванна және т.б. санитарлық-техникалық аспатардан өзіндік ағу арқылы желілерге, одан аулалық құдыққа ағады. Суды әкету жүйесін желдету шатырдағы бөлмелер арқылы ауа шығару арқылы іске асады. Сыртқы квартал ішілік тармақ аулалық құдықтардан сарқынды суды жинап, көшелік суды әкету жүйесіне тасымалдауға арналады. Квартал ішілік құбырларды і=0,01 еңіспен тартады және соңына бақылау құдығын орнатады.
5.1 -сурет. 1-қол жуғыш; 2-унитаз;3-раковина; 4-ванна; 5-гидрозатвор;
6-әкету құбыры; 7-желі; 8-тазарту;9-шығару құдығы; 10-шығару.
Су әкету тораптары мен тасымалданатын сарқынды судың құрамында көп мөлшерде органикалық ерiген және минералдық ерiмеген қоспалар болады. Су әкету құбырының кесiндi қималарын атайтын болсақ: дөңгелек, жартылай дөңгелек, эллипс тәрiздi, жұмыртқа тәрiздi, бесбұрышты, тiкбұрышты, трапеция тәрiздi (науа).
Гидравликалық жағынан ең берiк тиiмдiсi дөңгелек тәрiздiсi болып табылады.
Көше құбырларының диаметрi 200 мм, ал аула құбырларының 150 мм кем болмауы керек.
Есептi толу дәрежесi – құбырдағы судың мах арын тереңдiгiнiң оның диаметрiне қатынасы.
Сыртқы су әкету жүйелерiн жобалау: Жобалаған кезде негiзгi қажеттi материал ретiнде елдi-мекеннiң темiржол станциясының бас планы болып саналады. План бойынша бассейндерге бөлiнiп содан кейiн мемлекеттiк санитарлы эпидемиялық балықты және суды қорғау инспекциясымен келiсе отырып тазарту станциясының суын суатқа жіберу орны белгiленедi. Көше құбырлары жол бойымен тартылады. Оларды тартудың үш әдiсi бар:
5.2- сурет. Кварталдың төменгi қырымен суды әкету әдiсiнің сұлбасы
Құбырларды көлемдік тарту әдісінде кварталдың жан жағынан қоршай құбырлар тартылады. Бұл әдіс егер жер бедері жазық, квартал өлшемдері үлкен болған жағдайда қолданылады.
Кварталдың төменгі қырымен тарту әдісі жер бедері айқын жағдайда кварталдың бір немесе екі қырынан суды алу қарастырылады.
Су тазарту ғимараттарды жобалауда ауыз судың сапасына ұсынатын талаптар негізгі мәліметтер болып есептеледі. Ауыз судың сапасы мемлекеттің 2874-82 «Ауыз суы» деген стандартының қойған талаптарына сәйкес болу керек.
Судың сапасы сипатталатын негізгі көрсеткіштеріне лайлық, түстілік, судың иісі, дәмі, кермектілік, сілтілік, тотықтандыру, құрғақ қалдық және әртүрлі химия заттардың мөлшері, бактериялардың жалпы саны, коли-титр, коли-индекс кіреді. Лайлық дегеніміз судағы қалқыма заттардың мөлшері. Стардарт бойынша ауыз судың лайлығы 1,5 мг/л-ден аспау керек.
Судың түстілігі пайда болатыны суда бояйтын заттардың, балдырдың, фульвокислотаның әсері. Ауыз судың түстілігі платина және кобальт шкаласы бойынша 20 градустан артық болмау керек.
Ауыз судың дәмі мен иісі бес баллды шкала бойынша судың +20° С температурасында 2 баллдан артық болмау керек. Активтік реакция судың сілтілік немесе қышқылдық дәрежесін көтереді, ол сутегінің иондарының концентрациясымен сипатталынады. Стандарт бойынша ауыз судың РН 6-9 аралығында болғаны жөн.
Судың кермектілігі кальций мен магнийдің ерітілген тұзының мөлшерін көрсетеді. Ауыз судың жалпы кермектілігінің шекті мөлшері 7,0 мг-экв/л аспау керек, ерекше жағдайларда 10 мг-экв/л дейін рұқсат етіледі.
Судың сілтілігіне себеп болушының ішіндегі бикарбонаттар, карбонаттар, гидраттар және басқа әлсіз қышқылдардың тұздары.
Тотықтандыру судағы ерітілген органикалық және кейбір тез тотықтагдыратын бейорганикалық заттардың мөлшерін көрсетеді. Стандарт бұл көрсеткішке талап ұсынбаса да судың жоғары тотықтандыруы оны ағын сумен ластанғаны көрсетеді.
Құрғақ қалдық судағы еріген тұздардың жалпы мөлшерін көрсетеді. Ауыз суының құрғақ қалдығы 1000 мг/л– ден аспау керек. Әртүрлі химия заттарының ауыз судағы мөлшерін алып қарағанда жалпы темірдің мөлшері 0,3 мг/л-ден артық болмау керек. Марганецтің мөлшері 0,1 мг/л-ден аспау керек. Хлоридтің мөлшері 350 мг/л-ден, сульфаттың 500 мг/л- ден аспау керек.
Мыстың мөлшері 1,0 мг/л-ден аспау керек, мырыштың – 5,0 мг/л-ге дейін, қорғасындікі – 0,03 мг/л- ге дейін, мышьяктікі – 0,05 мг/л- ге дейін, берилийдікі – 0,0002 мг/л- ге дейін, селендікі – 0,001 мг/л-ге дейін, нитраттың – 45,0 мг/л- ге дейін болу керек. Ал фтордың мөлшері 0,7-1,5 мг/л аралығында, климат аудандарына байланысты.
Ауыз суда бактериялардың жалпы саны 1 мл-де 100-лен артық болмау керек. Коли-титр дегеніміз бір ішек таяқшасы бар судың см³ өлшейтін көлемі. Коли-титр 300-ден кем болмау керек. Коли-индекс – 1л судағы ішек таяқшасының саны, ауыз суда коли-индекс 3-тен аспау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |