ДӘРІС 4. ҒИМАРАТТАР МЕН ЖЕКЕ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ. Ішкі кәріз жүйелерін жобалау және есептеу және жіктелуі
Кәріз жүйелерінің негізгі элементтері және олардың атқаратын міндеттері
Үйдің кәріздік тораптарының материалдары
Ішкі кәрізді жобалаудың негіздері
Ішкі кәрізді есептеу
Дәрістің мақсаты: Ішкі кәріз жүйелерін жобалау және есептеу және жіктелуін зерделеу
4.1 Ішкі кәріз жүйелерін жобалау және есептеу және жіктелуі Ішкі кәріз дегеніміз елді мекеннен немесе өндіріс орнынан шыққан ластанған суды қабылдап, оны тазартып,үй сыртымен және ішімен немесе топтасқан үйлерден шыққан суды кәріз жүйесіне тасымалдайтын инженерлік құрылымдар және ғимараттар жиынтығы.
Ішкі кәріз жүйелері ласты тазалау және жинау әдістеріне қарай, ағын сипатына және міндетіне қарай, қызмет етуіне,тасымалдау әдісіне, желдету жүйелерінің орналасуына және арнайы жабдықтардың барына қарай жіктеледі.
Ласты тазалау және жинау әдістеріне қарай ағызбалы және шығарылмалы жүйелер болады.
Ағызбалы жүйе орталықтандырылған болуы мүмкін, егер оны үйлердің су құбыры бар кәрізделінген ауданға орнатса. Бұл жүйе ласты қабылдауға, оны сумен араластырып үй сыртындағы елді мекеннің, ықшам ауданның, объектінің кварталаралық торабына дейін тасымалдауға арналған.
Кәрізсы жоқ аудандарда егер үйлер тек су құбырымен жабдықталса, кәріз жүйесіне түсетін ластанған суды тазалауға арналған жергілікті қондырғылар қолданылады.
Шығарылмалы жүйеде ласты жергілікті жерде жинайды және оны транспортпен тазалау ғимараттарына әкетеді. Елді мекендердегі үйлердің су құбыры және кәрізі жоқ болса, онда ласты жинау үшін люфт – клозет немесе шұңқыр орнатады.
Міндетіне және оның сипатына қарай тұрмыстық, өндірістік және жаңбыр жүйелері болады.
Тұрмыстық жүйе шаруашылық - тұрмыстық ластанған суды әкетуге арналады.
Өндірістік жүйе өндірістен шыққан ластанған суды әкетеді. Ондағы ластанған судың сапасы және құрамы әртүрлі болады, оларды араластырмаған дұрыс, сондықтан бірнеше кәріз жүйелерін құрады,
Жаңбыр жүйесі – жаңбыр және шатырдан аққан еріген суларды әкетеді.
Атқаратын қызметіне қарай жүйелер біріккен және бөлінген болады.
Ішкі кәріздің біріккен жүйелері шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және кейбір жағдайда жаңбыр суларын жинап үй сыртына әкетуге арналған. Егер тұрмыстық және өндірістік суды біріктіріп тазалауға мүмкін болса және оларды сыртқы торапқа тасымалдауға жағдай жасалса осы жүйені қолдануға болады. Егер ластанған суды ластану құрамына байланысты сыртқы кәріз торабына тастауға рұқсат етілмесе бөлінген жүйелерді қолдануға болады. Мысалы,егер сыртқы кәріз торабына әсерін (бұзылу, бітеліп, т.б.) тигізетін агрессивті немесе жоғары концентрациялы (сілтілі немесе қышқыл) ластанған суларды әкету керек керек болса. Бұл жағдайда бөлінген тораптардағы ластанған суды алдын-ала тазалауға,нейтралдауға арналған ғимараттар (сепарация, орталау, зарарсыздандыру) қолданады.
Ласты тасымалдау тәсіліне қарай жүйелер құбырлы және науалы болады.
Құбырлы жүйе бір тік құбырлы және екі тік құбырлы болады, соңғысы көпқабатты үйлерде қолданылады.
Науалы жүйеде ластанған суларды ашық науалармен және каналдармен тасымалдауға болады. Олардың беті алымбалы қалқандармен жабылған, егер өндіріс суларындағы ластар құбырды бітеп қалатын болса осы жүйені қолданады.
Желдету жүйесінің орналасуына қарай ішкі кәріз жүйелері желдетуі бар және желдетусіз тік құбырлы болады, соңғысы бір немесе екі қабатты үйлерде, жергілікті кәріз құрғанда қолданады. Бірнеше желдеткіш тік құбырларды құрғанда оларды бір желдеткіш шахтаға немесе бір жалпы тартып алатын желдеткіш құбырға біріктіреді.
Арнайы жабдықтарының барына қарай жүйелер жай, арнайы жабдықсыз және арнайы жабдықталған болып бөлінеді. Арнайы жабдықтарға ластанған суды сыртқы кәріз торабына тастау үшін көтеруге немесе алдын – ала тазалауға арналған жергілікті қондырғылар жатады.
Ішкі кәріз жүйесін жобалағанда және таңдағанда оның атқаратын міндетіне және жобаланған жүйе сапасы жағынан қандай ластанған суға арналғандығына ерекше көңіл бөлінеді.
Ас үйдегі жуғыштан, қол жуғыштан, душтан, ваннадан, унитаздан, писсурадан т.б. қабылдағыштардан шыққан шаруашылық – тұрмыстық сулардың құрамы органикалық және минералдық ластағыштардан тұрады: сабын, май, тамақ қалдықтары, қағаз, қоқсық, фекалдар және т.б.; ластанған судың температурасы 5 – тен 40ºС – қа дейін және одан да жоғары болуы мүмкін.
Өндіріс суларындағы ластағыштардың сапасы және құрамы біртекті емес: аз концентрациялы ластану (еден, жабдықтар, құралдар жуудан, машиналарды және жабдықтарды суытудан түскен) – бұлар шартты таза таза сулар; жоғары концентрациялы ластану органикалық, минералдық және химиялық сияқты, олар өндірістің әртүрлі технологиялық процестерінен түскен қалдықтар.