Бұрандаларды сызбада ықшамдап кескіндеу. Бұранданы сызбада
ықшамдап кескіндеу және белгілеу ережелерін МЕСТ 2.311-68 тағайындаған.
Сыртқы бұранданы кескіндеу бұрандалы сырықтың кескіндерін салу
мысалында келтірілген.
Сыртқы диаметрі бойынша оны алдыңғы көріністе де сол сияқты сол жақ
көріністе де тұтас жуан сызықпен, ал ішкі диаметрі бойынша тұтас жіңішке
сызықпен кескіндейді. Мұнда сол жақ көріністе бұранданың ішкі диаметрі
бойынша, шамамен шеңбердің ¾ бөлігіне тең доға жүргізіледі. Бұл доғаны
кез келген, тек центрлік сызықтарда жатпайтын, жерден үзуге болады және
бұл көріністе фаска кескінделмейді. Бұранда кескінінің тұтас жіңішке
сызығы фаска шекарасының сызығын қиып өтеді.
Ішкі бұранданы, яғни тесіктегі бұранданы ішкі диаметрі бойынша жуан,
ал сыртқы диаметрі бойынша жіңішке тұтас сызықтармен кескіндейді.
Жіңішке сызық пен тұтас негізігі сызықтардың ара қашықтығы 0,8 мм-
ден кем емес және бұранда қадамынан үлкен болмауға тиіс.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Негізгі әдебиеттер [5-10]
2. Қосымша әдебиеттер [13, 14]
СӨЖ-ға арналған бақылау тапсырмалары (7 тақырып)
1. Стандартталған бекіту бұйымдарын белгілеу: болт, гайка, шайба.
2. Бұрандалы біріктірулердін конструкциялық, ықамдалған және шартты
бейнелерің орындау.
|