6-тақырып. Жалпы көріністегі сызбаларды оқу және бөлшектеу. (1
сағат)
Дәріс жоспары
1. Жалпы көріністегі сызбаларды оқу.
2. Бөлшектің конструкциялық элементі.
3. Шарттылықтар және ықшамдаулар.
Құрастыру сызбасын оқу дегеніміз-бұйымның қандай салаға арналғанын,
құрылымы және оның жұмыс істеу принципін, бұйымның жалпы көлемін,
өлшемдерін, құрамдас бөліктерінің өзара байланыстарын қарастыру.
Оқу кезеңдері:
1. Сызбаның оң жақ төменгі бұрышында орналастырылған негізгі
жазудың мазмұнымен танысу ондағы бұйымның аталуын, сызбаның
реттік белгісін, масштабын салмағын, орындаған мекемелері оқып білу.
2. Бейнеленген бұйымның жұмыс істеу принципін бұйымның сызбасына
ұсынылған конструкторлық құжаттамалардың комплектісімен оқып
білу.
3. Құрастыру сызбасында берілген басты көрініс, негізгі, толықтырушы
және жергілікті көріністер, тіліктер, қималар және шығарма
элементтерін оқып білу.
4. Спецификацияны оқу ондағы әр бөлшектің аталдың, материалын,
санын анықтау. Анықталған бөлшектерді барлық бейнелерде тауып
алып көлемі және конструкциялық ерекшеліктерін анықтау.
5. Бұйымның
құрамдас
бөліктерінің
қандай
жолдармен
өзара
біріктілгендерін анықтау.
6. Беттердің майлану түрін, май берілетін жолдарды анықтау.
7. Бұйымның құрамдас бөліктерін ажырату және біріктіру жолдарын
анықтау.
Жеткілікті көріністері мен басқа да мағұлыматтары бар, бұйымның
құрамдас бөліктерінің өзара байланысын және жұмыс істеу принципін
түсіндіретін құжатты сызбаның жалпы көрінісі деп атайды. Сондықтан да
бұл сызбаларда бейнелердің көрнекілігін сақтай отырып, графикалық жұмыс
көлемін қысқарту барысында шаттылықтар мен ықшамдаулар қолданылады.
Құрастыру бірлігінің жұмысы және құрылымы жайында ойын
толықтырып, бөлшектің контуры қандай беттермен шектелгенің анықтау
қажет. Бұл үшін бөлшекті барлық бейнелерде тауып алу қажет әсіресе
толықтырушы тауып алу қажет көріністерде, тіліктерде, қималарда және
шығарма элементтерінде негізгі көріністерде көрсетілмеген бөлшек
элементтерін анықтау керек. Бөлшектің конструкциялық элементінің әр
қайсының ұсынысын анықтау.
Бөлшектің элементтерін анықтау кезінде жақын бөлшектерді де
қарастыру керек өйткені кейбір элементтер жақын бөлшектің арғы жағында
көрінбей тұруы мүмкін.
Құрастыру сызбасын, жалпы көріністегі сызбаны МЕСТ 2.109-73 және
конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесіндегі сұраныстар бойынша
ықшамдап сызуға болады.
Жалпы көріністегі сызбаны оқу барысында шартылықтар мен
ықшамдауларды ескеру қажет.
Оңашаланған құрастыру сызбалары берілген бұйымның құрамдас
бөліктері жалпы көріністегі сызбада тіліксіз көрсетіледі.
Бойлаған тіліктерде болт, шайба, винт, штифт, шпонка, білік т.б. да
тіліксіз көрсетіледі, маховик шыбықшасы, тісті дөңгелектер.
Фаска жырашық т.б. ұсақ элементтерді, қақпақ, маховик т.б. бұйымның
құрамдас бөліктері, ішкі көлемін анықтауға кедергі болса, қарастыруға
болады. Мұндай жағыдайда көріністің жанына «қақпақ позицясы шартты
жағыдайда көрсетілмеген».
Сәуле өткізгіш материалдардан жасалған бұйымдар, бітеу бұйымдар
сияқты бейнеленеді.
Пісірмелеу, дәнекерлеу әдістерімен біріктірілген бір текті заттардан
жасалған бұйымдар тілікте қималарда тұтас бұйым ретінде штрихталады.
Бір жерде қолданылатын біріктіру бөлшектеріне бір шығарма сызығын
шығарып сөрелерде көрсетуге болады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Негізгі әдебиеттер [5-10]
2. Қосымша әдебиттер [13, 14]
СӨЖ-ға арналған бақылау тапсырмалары (10 тақырып )
1. Жалпы көрністегі сызбаны оқу реті.
2. Болтық біріктірулердің ықшамдалған және конструкциялық
бейнелерінің айырмашылығы.
3. Шпильдік біріктірулердің ықшамдалған және конструкциялық
бейнелерінің айырмашылығы.
4. Құрастыру сызбасын оқу.
1. Жалпы көріністегі сызбаларды бөлшектеу.
2. Бөлшектер сызбаларын орындау ережелері.
Бөлшектеу-бұл бұйым құрамына кіретін тетіктердің жұмыс сызбаларын
бұйым құрастыру сызбасы бойынша орындау процесі. Бұл тетік кескіндерін
құрастыру сызбасынан тек қарапайым көшірмелеу емес, керісінше,
творчестволық жұмыс болып табылады. Бұйымның құрастыру сызбасы
бойынша тетіктің жұмыс сызбасын орындау жолы, тетік жұмыс сызбасын
оның өзіне қарап орындау жолы тәріздес. Мұнда тетіктің пішіні мен
өлшемдері құрастыру сызбасын оқу барысында анықталады.
Бұйымның сыртқы және ішкі пішінін тұтастай ойша көз алдына келтіру
және тетіктің аты және оның белгілеуі құрастыру сызбасының сипаттізімі
бойынша,
ал
материал
таңбасы,
үйрену
құрастыру
сызбасы
қосымшаларындағы баяндаулар бойынша анықталады.
Тетіктің фронталь проекция жазықтығына қатысты орналасуы, яғни оның
бас көрінісі, тетіктің құрастыру сызбасындағы орналасуынан емес, жалпы
талаптар негізінде таңдап алынады. Тетік кескінінің саны мен мазмұны
құрастыру сызбасымен дәл келмеуі мүмкін.
Жұмыс
сызбасында
тетіктің,
құрастыру
сызбасында
мүлде
кемкінделмеген, немесе ықшамдап, шартты, нобайлап кескінделген
элементтері көрсетілуі тиіс. Мұндай элементтерге жататыны: құю және
қалыптау орындарын дөңгелектеу, еңістік, конустық.
Бұрандажонғыш және ажарлаушы құралдың шығуы үшін арналған жону
мен бунақтар.
Бұйымды құрастыру процесін жеңілдететін сыртқы және ішкі фаскалар
және т.б.
Құрастыру сызбаларында бұрама мен бұрамасұқпалар үшін ұялар
оңайлатылып кескінделеді, ал тетіктің жұмыс сызбасында ұя МЕСТ 10549-74
сәйкес орындалуға тиіс.
Тетік өлшемдері (егер олар сызбада берілмеген болса) құрастыру сызбасы
бойынша өлшеу жолымен анықталады. Мұнда түйіндесетін өлшемдердің
үйлесімділігіне, яғни оларда қайшылық болмауына көңіл бөлу қажет.
Құрылмалық элементтер (фаскалар, бунақтар, еңістіктер және т.б.)
өлшемдерін, құрастыру сызбасы бойынша емес, сәйкес стандарттар бойынша
тағайындау керек.
Кілтек ойықтардың, оймакілтектердің, бұрамасұқпа мен бұрамаға
арналған ұялардың, центрлік тесіктердің және т.б. өлшемдерді, осы
элементтерге арналған, сәйкес стандарттардан алынуға тиіс. Бекітпелі
бұйымдардың (бұрамалардың, бұрамдамалардың, бұрамасұқпалардың)
өтуіне арналған тесіктердің диаметрлері, құрастыру сипатын ескере отырып,
қойылуға тиіс.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Негізгі әдебиеттер [5-10]
2. Қосымша әдебиеттер [13, 14]
СӨЖ-ға арналған бақылау тапсырмалары (11 тақырып)
1. Құрастыру сызбасындағы 2-3 бөлшектің сызбасын орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |