Бұлардың барлығы да жобалаудың ойлау қызметімен байланысты екенін көрсететіндіктен, басқа адамдарға түсінікті құжат болуын талап етеді. Оның негізгі белгілері
Бұлардың барлығы да жобалаудың ойлау қызметімен байланысты екенін көрсететіндіктен, басқа адамдарға түсінікті құжат болуын талап етеді. Оның негізгі белгілері:
− уақыттың (жобаның басталуы мен аяқталуын) дәл көрсетілуі;
− ішкі ұйымдастырылу түрі белгіленуі;
− кімге арналғаны белгіленуі;
− нәтижелердің тиімділігін нақты тексеру өлшемдері болуы.
Педагогикалықжобалаудың заңдылықтарын қарастыруда оның жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін, жүйенің өмір сүру және дамуы жағдайлары туралы түсініктерді ұғынуды қажет. Сондықтан, жобалаудың өзіне тән заңдылықтары мен принциптерінің анықталуы және сақталуы тиіс. Мысалы, Ю.А.Конаржевский ұсынған басқарудағы демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын орындау түрлі деңгейдегі жүйелерді басқарушылардың, педагогтар мен білім алушылардың, ата - аналардың белсенділіктерін жобалауда пайдалануға ықпал етеді. Бұл шешім қабылдауда, қатысушыларды таңдауда, қажетті ақпараттарды алуда, педагогтардың ұйымдағы проблемалардан хабардар болуында аса маңызды.