Ізденушіге төмендегілерді есте ұстау қажет: –нысан шексіз кең түрде емес, объективті шынайылық шеңберінде аталуы тиіс;
–нысанның кұрамына маңызды элемент ретінде пән кіруі тиіс, ол нысанның басқа құрамдас бөліктерімен тікелей байланыста болуы керек;
–нысан белгілі бір білімдер жүйесі арқылы көрінетін педагогикалық шынайылықты сипаттауы керек. Сондықтан нысанды анықтағанда оны белгілі бір ғылыми ұстаным тұрғысынан бағалау қажет. Нысанды бұлайша түсіну педагогикалық тұжырымдамаларды дұрыс түсінуге, уақыт талабына сай үдемелілік жақтарды көре білуге көмектеседі;
–зерттеу нысанын анықтау – мәнді де мазмұнды ғылыми әрекет, ол зерттеушіні пәннің ғылымдағы орны мен қызметін анықтауға бағыттайды;
–зерттеу пәні – нысанның бір жағы, бөлігі ғана емес, сол арқылы нысан көрінетін, «есік» болуы тиіс;
–зерттеу пәнін анықтай отырып, зерттеуші сол саты арқылы соңғы нәтижеге келуге мүмкіндік алады;
–нысан мен пәннің өзара қатынасын былайша сипаттауға болады: нысана объективті, ал пән субъективті;
–пән – нысанның үлгісі (моделі);
–пәннің анықтамасы егер жұмыс белгіленген пәнге сәйкес анықталса, зерттеуші тарапынан белгіленген анықтамаға сәйкес аяқталған зерттеудің толықтығы туралы шағымды болдырмайды;
–зерттеудің нысаны мен пәнін анықтау зерттеушінің оның мәніне терең бойлауы мен зерттеу үдерісінде алға жылжуының көрсеткіші болып қызмет етеді;
–нысан педагогикалық шынайлықты сипаттайды, белгілі білім жүйесіндегі көрінісі арқылы берілген;
–зерттеу пәні нысанға қарағанда тар ұғым. Ол нысанның бір бөлігі, бір жағы элементі болып табылады.
Нысан туралы білімнің даму сипатына қарай бұдан кейін таным пәніне айналатын оның жаңа қырлары ашылады. Зерттеу нысаны мен пәнін тұжырымдаудағы қиындықтар:
– кейде жекелеген зерттеудің нысаны өзінің ауқымы жағынан бүкіл педагогиканың зерттеу нысанымен сәйкес келіп жатады: ЖОО-ғы педагогикалық үдеріс; оқушыларды педагогикалық ұйымдарда тәрбиелеу саласы; педагогикалық таным әдістері;
– кейде зерттеу нысаны мен пәні арасында алшақтық байқалады. Олар әр түрлі ғылым саласына қарай бөлініп, жұмыстың біртұтастығы мен танымдық сипатына, баяндаудың қисыны мен алынған білімнің жүйелілігіне нұқсан келеді.
Әдіснамашылардың зерттеу нысаны мен пәнін анықтау туралы ғылыми жұмыстарының нәтижелерін түйіндей отырып, ғылыми аппараттың осындай құрамдас бөліктерін тұжырымдауда кандай қиындықтар мен қателіктерге кезігетінін анықтадық, педагогикалық зерттеу пәні мен нысанының әдіснамалық сипаттамасы туралы бағдар-талаптар белгіледік.
Педагогикалық зерттеудің объектiсi - педагогикалық кеңiстiктегi ненi оқып үйренуге болатынын айтады. қазiргi мәселе: ненi зерттеу керек? объект-ол күрделi свойства, связей,отношения байланыс пен қарым-қатнасқа құрылады. зерттеу объектiсi ол басшылыққа алынатын жаңа бiлiм туралы эксперименттiң пәнiнде көрiнiс бередi. эксперимент пәнi ол объектiде қарастырылатын мәселелерге жауап бередi. объектiде қандай қасиет, қарым-қатнас болғандығын анықтайды.
Нысан мен пәнді анықтай, белгілей білу дидактикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізудегі маңызды қадам болып табылады және оның жүзеге асыуының көрсеткіштерінің бірі, зерттеушінің зерттеу мәселесінің мәніне ену тереңдігінің дәрежесін көрсетеді. Зерттеулерде көбіне зерттеудің нысаны мен пәнін анықтауда және олардың айырмашылығын ажыратуда қиындықтар кездеседі. Зерттеу нысанының кейде оның базасы, кейде барынша кең өрісі ретінде көрінуі де мүмкін.