Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері»


-кесте. Шынайы проблеманы жалғандықтан ажырату критерийі



бет36/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#198510
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127
Байланысты:
Лекции

9-кесте. Шынайы проблеманы жалғандықтан ажырату критерийі





Проблеманың атауы

Критерийлік сипаттама

1

Жалған
проблемалар

«Енді проблема емес» - бұл проблема шешілген, бірақ шешілмеген болып есептеледі;
«Әлі проблема емес» - бұл проблеманы шешудің алғышарттары пісіп жетілместен бұрын пайда болған проблема;
«Тіпті проблема емес» - бұл шешімі болмайтын проблема-фиксация секілді жалған проблема.

2

Шынайы
проблемалар

Объективті (нақты) критерийлер:
Критерийдің болуы зерттеліп отырған проблема шынайы екендігін анықтауды талап етеді.
Қарым-қатынсас критерийі проблеманы зерттеуге арналған шынайы нысандардың арасындағы байланысты анықтауға көмектеседі.
Субординация критерийі оның мәселелері мазмұнының қатар
бағыныштылығы дұрыс анықталған ба, әлде қате ме деген проблеманың шынайылығын анықтайды.
Барабарлық критерийі зерттеудің осы саладағы қолдағы
нәтижесі туралы қорытындысы проблемадағы белгісіздің
шындық жағдайына сәйкестігін алдын-ала анықтауды бегілейді.
Қажеттілік критерийі зерттеу проблемасы үшін алдын ала ұсынылған шынайы немесе болжамдық қарама-қайшылықты орнықтырады.
Сәйкестік критерийі:
Алғышарт критерийі проблеманың негізі оны шешудің
базасы болатын нақты мүмкіндіктерді болжамдайды. предпосылок
Сабақтастық критерийі проблеманың осы білім саласында бұдан бұрынғы жтнақталған білімдермен байланысты қойылуын және жүзеге асырылуын талап етеді.
Формальды-логикалық критерий:
Тексерімділік критерийі проблеманың құрамдас элементтері болатын мәселелерді ажыратуды айқындайды.
Ақиқаттық критерийі проблеманың берілген мәселесінің негізі болып табылатын сұрағы туралы пайымдаудың ақиқаттығының дұрыстығын тексеруді талап етеді. Бұл критерийлермен сәйкес проблемада қойылған мәселелердің дұрыстығы анықталады.



Жоғарыда сипатталған критерийлерді түсіндіру зерттеушінің проблеманы табудағы және оның атауын дұрыс қоя білудегі жұмысының сапасын бағалауға мүмкіндік береді.


Өзінің шешімін табу үшін проблема модельді немесе проблеманың саналы және интуициялық шешімін тексеруге мүмкіндік тудыратын шығармашылық танымдық міндеттерге айналуы керек.
Зерттеу проблемасымен танысуда, оның сыртқы шекараларын анықтауда зерттеушіге төмендегідей ұсыныстар беріледі:
-зерттеу проблемасының деңгейін немесе жасақталуының дәрежесін анықтау, оның білім беру жүйесі үшін болашағын немесе дидактиканың іргелі мәселелелерін жасақтау;
бұл проблеманы айқын мойындау және қоғамның талабына сай осы проблема бойынша білімнің қажеттілігін негіздеу;
-зерттеу проблемасының сабақтас ғылыми зерттеу жұмыстарымен ара қатынасын нақты белгілеу, бұл дидактикалық мәселелерді шешудің ұқсас ғылымдардың жағдайынан ақпараттар алудың қаншалықты шиеленісті екенін түсіну;
-тақырыптың онсыз ғылыми жұмыстың келесі кезеңіне өтуге болмайтын проблемалық аспектілерін айқындау;
-зерттеу проблемасы мен тақырыбының арақатырасын анықтау;
проблеманы дидактикалық ақиқаттың қандай ма бөлігінде шиеленісті жағдай байқалатын тақырыптың мазмұнды сипаттамасы ретінде қарастыру;
тақырыптың бір, бірнеше немесе өте көп проблемалық аспектілерінің болуы мүмкін екендігін білу;
-тақырыптың мазмұнды анықтамасы болатындай проблемадан тұруы және оның үстіне тақырыпты нақтылау зерттеу проблемасын туғызатындай болуы қажеттігін білу;
-проблеманың мәнін, яғни қойылған фактілер және олардың теориялық мағынасының арасындағы қарама-қайшылық әртүрлі түсіндірмелермен, фактілер интерпретациялар екенін білу;
-ғылыми проблема өздігінен қозғалмайды, керісінше практика мен ғылыми әдебиеттерді терең зерделеудің нәтижесі, таным процесі мен оның белгілі бір тарихи кезеңінің қарама-қайшылығын көрсететіндігін білу;
- алғашқы негізгі ізденіс, қиыншылықты сезіну мақсатқа жету жолындағы қарама-қайшылық болып қалатыны туралы түсінігі болуы;
- практикалық міндеттерден ғылыми проблемаға ауысу үшін екі қадам жасау:
- берілген практикалық міндеттерді шешу үшін қандай білімдер қажеттілігін анықтау;
- мұндай білімдердің ғылымда бар -жоғын табу.
Зерттеудің проблемасы, тақырыбы, көкейкестілігі өзара байланысты. Ғылыми проблема
сонымен қатар зерттеудің оған кіретін жекелеген тақырыптары бойынша мүмкіндігінше жалпы түрде мақсат, нысан және зерттеудің түпкі нәтижелерін анықтайды.
Педагогикалық зерттеудің мәселесін анықтаудың және тақырыбын таңдаудың алгоритмі. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мынадай сұраққа жауап береміз: келешекте айналысатын мәселеміз қалай аталады? тақырыпта бұрынғы білімнен жаңа білімге қарай қандай қозғалыс көрініс табады, яғни, бір жағынан, тақырып қандай кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестендіріледі, ал басқа жағынан – қандай жаңа танымдық және практикалық материалды меңгеру жоспарланған еді?
Тақырыпты дұрыс таңдау көп жағдайда оның орындалу сапасы мен нәтижесін анықтайды. Зерттеудің кез келген тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытта орындалады. Ғылыми бағыт негізінде ғылым немесе ғылым кешені түсіндіріледі, техникалық, биологиялық, тарихи, педагогикалық және т. б. салаларда зерттеу жүргізіледі.
Зерттеудің ғылыми аппараты мен логикасының құрылымы:
- зерттеушінің алғашқы қадамы – зерттеудің нысандық саласын таңдау, яғни шешімін табуға тиісті маңызды мәселелер жинақталған болмыс саласын таңдау Зерттеу нысанын таңдау мынадай шыеайы өлшемдермен сипатталады: оның маңыздылығы, шешілмеген мәселелердің болуы, жаңалығы және өміршеңдігі. Сондай-ақ, зерттеу нысанын таңдауға ықпал ететін субъективтік себептер де бар: зерттеушінің білімі, өмірлік және кәсіби тәжірибесі, икемділігі, қызығушылығы, зерттеу нысанының практикалық әрекеттің бағыттарымен, ғылыми ұжыммен, ғылыми жетекшімен байланысы;
- зерттеушінің екінші қадамы – зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау. Тақырып мәселені қамтуы керек, кезекті тақырыпты анықтау мен нақтылауда зерттеу мәселесін көрсету қажет. Мәселе – бұл белгіліден белгісізге, нақты «білім туралы білім іздеуге» көпір. Мәселені шешу сұраққа жауаптан былайша ажыратылады: мәселе қазіргі бар білімде орын алмайды және ғылыми ақпаратты қайта жаңарта құрумен алынбайды. Мәселенің мәні - анықталған дәйектер мен оларды теориялық ойластыру арасындағы, дәйектерді түрліше түсіндіру арасындағы қайшылықтарды ашу. Мәселенің көздері педагогикалық практикадағы қиындықтар, шешілмеген жағдаяттар болып табылады.
Ғылыми зерттеудің тақырыбы анықталған мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады және көптеген сұрақтардың шешімін табу үшін зерттеу жүргізіледі. Ғылыми мәселе ғылымның дамуы мен практика арасындағы қайшылықтарды талдау негізінде қалыпқа түсіріледі. Ғылыми мәселелер қарастырылатын жеке тақырыптардың мақсатын, нысандары мен зерттеудің соңғы нәтижесін жалпы түрде анықтайды. Ғылыми мәселе қайшылықты талдау арқылы ғылым мен практика аясында құрылады: ғылыми және диссертациялық жұмыстың тақырыбын дұрыс таңдауда сол зерттеген мәселеге байланысты барлық әдебиеттерді, диссертацияларды, авторефераттарды оқып, шетел әдебиеттерімен танысып, зерделеуге тура келеді; анықталған ғылыми мәселе ғылыми зерттеудің нақты тақырыбында өз көрінісін табады; тақырыпты таңдаудың басты кезеңі тақырыптың негіздемесі түріндегі құжатта көрініс табады; жұмыстың атауы қойылатын мәселенің мазмұнынан және соңғы нәтижеден құрылады және зерттеу объектісінен көрінеді; зерттеу көздерін оқу және ой елегінен өткізу қажет.
Ғылыми жұмыстың тақырыбы мазмұнына байланысты маңызды мына сұрақтарға жауап беру қажет: Зерттеу тақырыбыңыз? Не зерттеледі? Не үшін зерттеледі? Зерттеудің тақырыбы нені көрсетеді? Мына ұғымдардың айырмашылығын түсіндіріңіз: мәселе, сұрақ, қыр, аспекті, мәселелік жағдаят. Зерттеушілер үшін мәтінсөзді конспектілеп ой елегінен өткізу керек. Зерттеу тақырыбыңыздың дұрыс таңдалғанын келесі матрица көмегімен тексеріңіз: тақырыптың ғылыми бағытқа сәйкестілігі; әлеуметтік сұраныстың жасалуына, тақырыптың ғылым мен практика сұранысына бағыттылығы; тақырыпты құруға негіз болған мәселелер; зерттеу тақырыбындағы нысаны мен пәнінің ашықтығы; зерттеу тақырыбының соңғы нәтижеге тұрақтауы.
Сонымен, зерттеу тақырыбы зерттеу мәселесінің белгілі бір қырларының, яғни аспектілерінің анық, қысқа берілуін талап етеді. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.
Тақырыпты дұрыс таңдау көп жағдайда оның орындалу сапасы мен нәтижесін анықтайды.Зерттеудің кез келген тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытта орындалады. Ғылыми бағыт негізінде ғылым немесе ғылым кешені түсіндіріледі, мына аймақтарда зерттеу жүргізіледі: техникалық, биологиялық, тарихи, педагогикалық және т.б
1. Зерттеушінің бірінші қадамы – зерттеудің объективті аймағын таңдау, сол сфераның (біздің жағдайда – педагогикалық), маңызды мәселенің шешілуін талап етеді.
2. Келесі қадам – зерттеудің тақырыбы мен мәселесін анықтайды. Тақырып мәселені қамтуы керек, кезекті,тақырыпты анықтау мен нақтылауда зерттеушілік мәселені көрсету қажет.
Мәселе – бұл белгіліден белгісізге, нақты „білім туралы білімсіздікке” көпір.Тақырып ғылыми зерттеуде белгілі мәселенің құрамды бөлігі болып табылады, біршама сұрақтарды шешуде және жасалуда. Ғылыми мәселе қайшылықты талдау негізі арасындағы ғылым дамуы мен практика жағдайында құрылады.
3. Ғылыми және диссертациялық жұмыстың тақырыбын дұрыс таңдауда сол зерттеген мәселеңе байланысты барлық әдебиеттерді, диссертацияларды, авторефераттарды, шетел әдебиеттерімен танысып, оқып шығуға тура келеді.
4. Анықталған ғылыми мәселе ғылыми зерттеудің нақты тақырыбында өз көрінісін табады.
5. Тақырыпты таңдаудың басты кезеңі тақырыптың негізделуі түрінде •құжатта көрінеді.
6. Жұмыстың аталуы өзінің негізгі мәселе мазмұнынан және соңғы нәтижені қосып алады және зерттеу объектісінен көрінеді.
7.Сізге зерттеу көздерін оқу және ой елегінен өткізу қажет:
1) Ғылыми жұмыстың тақырып мазмұнына байланысты маңызды бақылау сұрақтарына жауап беру қажет.
Тақырып:(Сіздің зертеу тақырыбыңыз):
- Не зерттеледі?
- Не үшін зерттеледі?
- Зерттеудің тақырыбы нені көрсетеді?
2) Түсініктердің айырмашылығын түсіндіріңіз: мәселе,сұрақ, аспектісі, мәселелік жағдаят.
3) Зерттеушілер үшін глоссарийді конспектілеп ой елегінен өткізу керек.
4) Зерттеу тақырыбыңыздың дұрыс таңдалғанын келесі матрица көмегімен тексеріңіз :
-тақырыптың ғылыми бағытқа сәйкестілігі;
- әлеуметтік сұраныстың жасалуына тақырыптың бағыттылығы (ғылым мен практика сұранысы)
- тақырыпты құрудағы мәселелер;
- зерттеу тақырыбындағы нысан мен пәннің ашықтығы;
- зерттеу тақырыбының соңғы нәтижеге тұрақтауы.
Зерттеушілік жұмыс негізгі үш блокты құрайды, оның әрқайсысының белгілі құрылымы бар:
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі:
- Объективтік дүние жүйесі ретінде зерттеудің объектісін анықтау;
- Зерттеудің пәнін тұрақтату;
- Мәселені, қайшылықты, келіспеушілікті құрылымдау;
- Зерттеудің тақырыбын нақтылау;
- Зерттеу көкейкестілігін құру.
Зерттеу үрдісі:
- зерттеу болжамы;
- зерттеу мақсаты;
- зерттеу міндеті;
- зерттеу әдісі;
- мазмұн құрылымы.
Зерттеу нәтижесі:
- зерттеудің ғылыми жаңалығы;
- зерттеудің практикалық маңыздылығы;
- сараптама.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мынадай сұраққа жауап береміз?Келешекте айналысатынымыз қалай аталады? Тақырыпта бұрыңғы білімнен жаңа білімге қарай қозғалыс көрініс табады, яғни бір жағынан, тақырып қандай кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестіндіріледі, ал басқа жағынан – қандай жаңа танымдық және практикалық материалды меңгеру жоспарланған еді.
Сонымен, зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесінің аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек. Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс ( тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.Зерттеу пәні – объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастардың жиынтығы.
Ғылыми немесе диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдау үшін басты көрсеткіштер мыналар:
-зерттеу сұрақтары бойынша әдебиеттер мен тәжірибелік көрсеткіштермен танысу;
-осы мәселе бойынша қорғалған диссертациялар тізімін қарау және олардың республикалық және шет елдік кітапханалардағы сақталған авторефераттарын оқып-зерттеу;
-ғылымның басқа да саласындағы соңғы зерттеу жұмысының нәтижелерімен танысу;
-зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын әдістермен танысып, оларға өз бағасын беру;
-жинақталған материалдарды талдау және қорытындылау;
-зерттеу тақырыбы, оның өзектілігі, мақсаты мен болжамы, нәтижесі бойынша жетекшісінен немесе осы салада зерттеу жұмысымен айналысатын мамандардан кеңес алу;
-педагогика ғылымының дамуы қажеттілігіне және практикасына деген сұраныстарға негізделініп дайындалатын ғылыми мәселелердің өзектілігіне тиянақты, жүйелі талдау жүргізу керек.
Мәселені таңдау оқу-тәрбие жұмысына қажеттілігіне, адам тәрбиелеудегі қоғамның перспективалық талабына, педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді ескеруге байланысты. Ғылым саласында және жеке зерттеулерде де, келешекпен сабақтастық заңдылықтары сақталуы тиіс. Мәселені анықтау зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін мәселе нәтижелі болу үшін педагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелетін мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс. Практика мен өмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын қою, мәселені анықтауға көмектеседі. Мәселенің құндылығын практика анықтайды.
Мәселе – ғылым мен практикадағы сәйкессіздік туралы нақты білім, шешімін табуды керек ететін сұрақтарға жауап іздеу бағыты. Айқындалған ғылыми мәселе өзінің көрінісін нақты бір ғылыми тақырыптан табады. Тақырыпты таңдау үдерісінің негізгі сатылары тақырыптың өзектілігін дәлелдеу барысында көрінеді. Зерттеу тақырыбын көкейкестілігін дәлелдеу зерттеудің мынадай жалпы қисынды – мазмұндық алгоритммен қарастырылады: мәселенің маңыздылығы – әлеуметтік сұраныс – тәжірибенің сұранысы – ғылымның сұранысы – мәселенің зерттеліп, дайындалуы – зерттеу идеясы – зерттеу стратегиясы – зерттеу тактикасы.
Магистрлік диссертациялықдық жүмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді:Зерттеу тақырыбын таңдау, оның өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, зерттеу нысанасын белгілеу, нысана туралы білімдерді игеру, мәселені көтеру, зерттеу пәнін анықтау, болжам жасау, зерттеу жоспарын құру, зерттеу әдістерін анықтау, белгіленген жоспарды жүзеге асыру, болжамды тексеру, зерттелінер насынаны түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау, табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
Студенттердің дипломдық жұмысы тақырыбын таңдаудың нұсқалары
1. Студент оқытушының жетекшілігімен курстық жұмыс, ғылыми конференцияларға мақала дайындағанда, педагогикалық практикада кездескен проблемаларға байланысты бірлесіп таңдауына болады.
2. Студент зерттеу бағытын және осы мәселемен айналысып жүрген ғылыми жетекшіні таңдайды, бірақ кафедра меңгерушісіне өтініш жазады.
3. Оқытушы студенттің зерттеуге қызығуын және мүмкіндігін ескере отырып, магистрлік диссертациялық жұмысының тақырыбына проблемаларды ұсынады және оның келісуімен тақырыбын және ғылыми жетекшісін кафедра мәжілісінде бекітіледі.
4. Кафедраның айналысып отырған зерттеу тақырыбы мен жобаларына байланысты магистранттердің магистрлік диссертациялық жұмыстарының тақырыбын шығаруға болады. Бірақ олардың ғылыми қызығушылығы мен мүмкіндіктері ескерілуі шарт.
5. Кей жағдайда студент өзіне зерттеу бағытын таңдайды, бірақ кімді ғылыми жетекші ретінде таңдауды білмейді. Ондай жағдайда кафедра меңгерушісіне кімді ұсынатынына өтініш білдіреді.
6. Студент ешқандай тақырып таңдау туралы ойын білдірмейтін жағдайлар кездеседі. Ондай жағдайда кафедра меңгерушісі факультет деканымен бірлесіп магистрантпен әңгімелесіп тақырыбын және ғылыми жетекшіні таңдауға бағыт береді немесе бекітеді.
Жұмыстың тақырыбы оның негізгі мәселесінің мазмұнын көрсетеді және онда соңғы нәтижелер мен зерттеу нысаны көрініс табады. Зерттеу тақырыбы айқындығы, нақтылығы, сыйымдылығы, ықшамдылығы, құрылымдылығы (байланыстылығы мен тақырыптылығы, яғни бірлік және мазмұндық тұтастығы), мәнерлілігіне сай талаптар негізінде құрастырылады. Зерттеу тақырыбының (бөлімдері, параграфтары) мазмұнына және алынған тақырыпқа сай келмеуі ғылыми қателік болып есептелінеді. Тақырып өз сипаттамасында зерттеуші ізденісінің соңғы нәтижесін көрсетіп тұруы керек.
Сонымен, белгілі тақырып бойынша зерттеудің өзектілігі ретінде зерттеудің бөлімін жазудың әдістерін аша түсу қажет.
Ғылымды дамыту үшін жұмыстың жаңашылдығын анықтау, көшірмеден сақтандыру, неғұрлым маңыздырақ болып табылады. Ұсынып отырған ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңашылдығын бағалау әдістерін практикаға енгізу әрине, бір жолға ғана акт болып табылуы мүмкін емес. Ол үшін белгілі бір ұйымдастырылған қайта құру, зерттеу нәтижелерін рәсімдеуге қойлатын талаптар енгізу, педагогика ғылымының әр түрлі саласы бойынша қолда бар тұжырымдардың эталондарын жасау қажет. Мұндай өзгерістер зерттеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігіне, педагогика ғылымы мен практиканы дамытуға оң көзқарасты танытады.
Педагогикалық зерттеудің сапасын бағалауға мүмкіндік жасайтын он бір сипаттамасын бөліп қарауға болады: мәселе, тақырып, көкейкестілігі, зерттеу нысаны, оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы және қорғауға ұсынылатын қағидалары, жаңалығы, ғылым үшін маңызы, тәжірибе үшін маңызы.
Мәселені қою дегеніміз -бұрын оқып-үйренілмегеннің ішінен нені жөндеу керек деген сұраққа жауап беру деген сөз. Ғылыми мәселені міндеттен ажырату керек. Мәселеде ғылыми білімдегі ақаулар көрініс табады. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, келешекте айналысатынымыз қалай аталады? Тақырыпта ескі білімнен жаңа білімге қарай ұмтылыс болуы керек, яғни сұраққа жауап іздейміз, теорияда бір кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестендірілуі тиіс. Міне осыған қол жеткізу қажет.
Зерттеудің көкейкестілігін негіздеу, яғни бұл мәселені осы кезде неге зерттеу керек екендігін түсіндіру. Практикалық және ғылыми көкей кестілікті зерттеу керек. Зерттеуді бұлар сәйкестегенде ғана бастаудың мәні болады. Қазіргі ғылымда шешілген, бірақ белгілі себептермен ғылымда алынған еңбектер практикаға жетпей қалуы ықтимал. Бүгінде бар ғылыми еңбектерге тағы ұқсас тағы біреуін жазудың қажеті жоқ. Қайта зерттелген мәселеге қайта күшті жұмылдырудың орнына мәселенің ғылыми шешімін практикалық қолдануға жеткізу дұрыс болып табылады.
Зерттеу объектісін (нысанасын) анықтау дегеніміз - зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Болжам мен қорғалатын қағидалар зерттеушінің объектіде анық көрінбейтін, басқалар байқамағанды көргені туралы түсінікті ашып көрсетеді. Болжам - фактілер негізінде объектінің бар екендігі, құбылыстардың байланыстары мен себептері туралы тұжырым жасалатын алдын ала болжау. Бұл ретте тұжырым толық дәлелденген деп есептеуге болмайды. Болжам шынайы емес, ықтимал білім. Оның шынайылығы мен шынайы еместігі әлі анықталмаған. Болжамның шынайылығы немесе шынайы емес екендігін анықтау - таным үрдісі.
Әдіснамалық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне қатысты қорғалатын қағидалардың біреуі мынадай: "Болашақ мұғалімнің әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар мыналар болып табылады: студенттердің кәсіптік әрекеттің шығармашылық сипатын сезінуі; педагогика ғылымын практикалық әрекетті жетілдіру үшін пайдалануға ұмтылысы мен іскерлігін қалыптастыру; әдіснамалық білімдерді студенттерге ұсынылған педагогика курсына енгізу; проблемалық оқытуды ұйымдастыру". Бұл мысалда қажетті және жеткілікті жағдайлардың сипаттамасы маңызды. Дәлелденетін қағидаларда ол жағдайлармен келіспеушілікті алдын ала көру мен бұл тезистің қажеттілігін дәлелдеп қорғау қажет. Кейбіреулер келтірілген шарттарды жеткіліксіз және бұл тізімді толықтыру керек деп айтуы мүмкін. Бұған, керісінше, енді біреулер келтірілген шарттардың біреуінің қажет екендігін жоққа шығаруы мүмкін, мысалы, проблемалық оқытуды көрсетілген мақсатымен ұйымдастыру және т. б.
Типтік қате – болжамның ғылыми болжам ретінде дәлелдеуді қажет етпейтіндей түрде құрылуы. Егер көп және жақсы жұмыс жасаса, нәтижелері жақсы болады, егер "дәстүрлі жұмыс жасаса, нәтижелері нашар болады"деген ақиқатты қорғап және дәлелдеудің керегі жоқ.
Өз жұмысының қорытындыларын шығара отырып, зерттеуші алынған нәтижелерінің жаңалығы туралы айтуға мүмкіндігіне ие болады да ол, басқалар жасалмағанның ішінен не жасалынғанын, қандай нәтижелер алғаш рет алынғанын көрсетеді. Оның үстіне, зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен, олардың ғылымдағы маңызы арасында мәнді айырмашылық бар. Нәтижелерінің жаңалығын сипаттай отырып, зерттеуші өзі қойған міндеттер шеңберінде қалады, оларды шешу барысында, қандай жаңа білім алғанын көрсетеді. Алынған жаңа білімнің маңыздылығы болашақтағы жүргізілетін ғылыми жұмысқа қатысына байланысты анықталады.
Дегенмен, кейде зерттеудің жаңалығы мен маңыздылығын ажырата алмай, олардың сипаттамасын бір айдармен береді, екеуі бір нәрсе деп есептейді. Бұл дұрыс емес. Зерттеудің ғылыми маңыздылығын ажырату оны бағалауда үшін шешуші мағынаға ие болады. Біздің жұмысымыз ғылым үшін маңызы жоқ деп есептетейік. Онда оны ғылыми жұмыс деп атауға болмайды. Бұл айырмашылықты мұғалім міндетті түрде есіне сақтауы керек. Кейде оған жаңа тәсіл немесе бір жаңа нәрсені білімдік үдеріске енгізсе, ол өте мәнді болып көрінуі мүмкін. Бұл олай емес. Кез келген жаңалық - ең жақсы балама емес. Бұл жаңаның ғылым мен практика үшін жағымды маңызын арнайы дәлелдеу қажет. Жүргізілген ғылыми жұмыстың практика үшін маңыздылығы туралы ойластыра отырып, зерттеуші мына сұраққа жауап береді: "Практикалақ педагогикалық әрекеттің қандай нақты кемшіліктерін зерттеуде алынған нәтижелер арқылы жөндеуге болады? ".
Диссертация мәтінімен жұмыс істеу зерттеудің ғылыми аппаратын сипаттайтын ізденістің негіздемесін дайындаудан басталады. Бұл аппарат қысқа, ғылыми негізделген көзқарасты білдіреді. Негіздеме болашақ зерртеу жұмысының траекториясын жасақтап, негізгі бағыттарын айқындауға, зерттеу жұмысының толық сұлбасын көруді қамтамасыз етуге және авторлық рефлексия жасауға көмектеседі. Жақсы жасалған негіздеме болашақта "Кіріспеге" айналып, ізденушінің жұмысына пікір берушілердің (оппоненттер, рецензенттер, эксперттер) жағымды ой-пікірлерін және дайындық деңгейіне оң көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Негіздемеде зерттеушінің көзқарасы негізінен төмендегіше ретпен ашылады:
- Зерттеудің көкейкестілігі;
- Ғылым мен практиканың талабы мен мәселенің қазіргі жағдайының арасындағы қарама-қайшылық;
- зерттеу проблемасы;
- Тақырыптың аталуы;
- Зерттеудің мақсаты;
- Зерттеудің нысаны;
- Зерттеу пәні;
- Зерттеудің болжамы;
- Зерттеу міндеттері;
- Зерттеудің жетекші идесы;
- Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері;
- Зерттеу әдістері;
- Зерттеу базасы;
- Зерттеу кезеңдері;
- Зерттеудің жаңалығы;
- Зерттеудің теориялық мәні;
- Зерттеудің практикалық мәні;
- Зерттеу нәтижелерінің анықтығы және негізділігі;
- Қорғауға ұсынылатын мәселелер;
- Зерттеу нәтижесін апробациядан өткізу және енгізу;
- Диссертацияның құрылымы.
Негіздеме жазу зерттеушінің алғашқы үлкен интеллектуалдық жұмысының нәтижесі болып табылады. Бәрінен бұрын зерттеу аймағын таңдау негізделеді, яғни көптеген маңызды шешімдерді қажет ететін мәселелері жинақталып қалған болмыстың аясы (біздің жағдайымызда - дидактикалық). Зерттеу нысанын таңдау көкейкестілік, шешілмеген мәселелердің болуы, ғылыми ізденістегі жаңалықтар мен келешек дамуы сияқты көрсеткіштер негізінде айқындалады. Субъективтік факторлардың қатысының да мәні аз емес: базалық білімінің болуы, өмірлік тәжірибесі, ғылымға икемділік, зерттеуге қызығушылық, оның практикалық жұмысына байланысты бағыттардың зерттеуге сұранып тұруы, белгілі бір тақырыпқа бағдарланған ғылыми ортада жұмыс істеуі және т.б.
Белгілі әдіснамашы В.В.Краевский зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеудің өзіндік логикалық тізбегін ұсынады (жоғарыда 1-суретте). Сөйтіп, зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің құрылымы өзектендірудің мынадай қадамдарынан көрінеді: зерттеу нысанының пайда болуы объективті дүниенің жүйесі ретінде; зерттеу проблемасының көрінуі; сәйкессіздіктің, қарама-қайшылықтың, проблеманың байқалуы; зерттеу тақырыбының нақтылануы; зерттеу көкейкестілігінің айқындалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет