ұйымдастырып, олар өнімді және нәтижелі болған жағдайда педагогтың
білім беру (оқыту) жобасы өз мақсатын орындайды.
Бұл жерде оқушылар жобасының «өнімі» - шартты ұғым, ол
оқушының белгілі бір
білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық,
т.б
сапалары болып табылады. Оқушылардың жобасын ұйымдастыруда педагог
осы сапалардың белгілі бір сипатын мақсат ретінде алады.
Оқушылардың жобалау әрекеті қатаң реттелмейтін, көбіне олардың
еркіндігін дамытуға бағытталғандықтан педагогтың жобалау іс -
әрекеттеріне де еркіндік, өзгермелілік тән болады. Түрлі жағдайларға
байланысты (топтағы болуы мүмкін түсінбестіктер, кейбір жобалардың
сәтсіздігі, оқушының келмей қалуы, т.б) педагог көптеген өзгерістер ендіруі,
ситуациялардан шығудың тиімді жолдарын анықтауы қажет болып отырады.
Олардың барлығы да оқушылар жобасының, сонымен қатар, педагогикалық
жобаның табыспен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, жобалау барысындағы педагогтың іс - әрекеттерін
жобалау әрекеті және басқару әрекеті
деп екіге бөлуге болады:
–
білім берудің жаңа нәтижелерін (оқушылардың жаңа сападағы
қабілеттерін дамытуды) жобалайды;
–
оқушылардың жобалау әрекетін басқарады;
Сондай – ақ, бұл екі әрекет бір – бірімен бірге, айтылмай жүргізіледі.
Айта кету керек, оқушылардың жобалау әрекеті «жобалау» түсінігінің
қалыптасқан тәртіптеріне түгел жауап бермейтінін бүгінгі ғалымдар сөз етіп
келеді. Оны «квазижобалау» деп атау керек деген ұсыныстар да бар. Оның
себебі жобалаушы жобаны белгілегенде өз мақсатын қойып, алатын өнімін
белгілейді. Ал, оқушылар өз мақсаты емес, педагогтың немесе
педагогикалық мақсат пен міндеттерді орындайды. Солай бола тұра,
оқушылардың жобалау әрекеті педагог тарапынан «сауатты», тиімді
ұйымдастырылса жоғарыдағы педагогикалық мақсатты емес, оқушылардың
жобасының мақсатын олармен бірге анықтауға және орындауға әбден
болады.
Оқушылар жоба жасаудағы өз әрекеттерін еркін тыңдап, өз бетімен
оның мақсаты мен міндетін, әдіс – құралдарын күтілетін нәтижеге сай
анықтауға мүмкіндік жасалса – жобалау олардың өз әрекеттеріне айналады.
Демек, олардың жауапкершілігі мен өз бетіндік әрекеттері дамытылады.
Педагогикалық психологияда өзі үшін құнды мақсат қою және
әрекеттерді өзі белгілеуі, нәтижеге жетуге ұмтылуы – оның субьектілігін
білдіреді, яғни бұл жобалаудағы субьектіліктің көрінісі болып табылады.
Сонымен, оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудың бір – бірімен
ажыратуға болмайтын екі түріі бар –
Достарыңызбен бөлісу: