мәні - нені қалыптастыру қажет, ол –
жаңа қатынастар
деңгейі ме
,
әлде
құзыреттілік
пен
кәсібиліктің
жаңа деңгейі ме, оқыту мен тәрбиедегі жаңа
дәстүрлер бола ма, – нақты анықталады.
Жобаланатын педагогикалық құрылымның компоненттік бөліктерінің
әртүрлі құрастырыла алатын қасиеттеріне сай жобалау қызметі де түрлі
бағыттарда жүргізіле алады. Сөйтіп, жобалау әрекеті жүйені жан- жақты
дамытуға, яғни, оның ішкі қызметтік - құрылымдық байланыстары мен адам
ресурстарын дамытуға бағытталады.
Бірақ, қай жағдайда да жүйені құрылымын жобалауда жүйе
құрылымдарының изоморфтығы (
гр.isos
және
morphе
-
ұқсас құрылымдар
арасындағы сәйкестік қасиеті ұғымы
) туралы ережеге сүйену қажет болады.
Құрылымдық компоненттерінің артықтығы да, немесе жетіспеушілігі де
жүйенің дамуына кері әсер ететіні есте болуы қажет. И.А.Колесникова, оны
«тірі организмдер» жүйесімен ұқсастырады: «табиғат тірі организм бойында
ұқсас қызметтер атқаратын, немесе, бәсекелес органдар болмайтыны тәрізді,
педагогикалық жүйелердің ішінде де артық, бірі –бірі қайталаушы
қызметтер атқаратын құрылымдар болуы тиіс емес. Әйтпесе, педагогикалық
қызметке жатпайтын, бөлекше, қолайсыз қатынастар қалыптасуға негіз
қаланады».
Педагогикалық жүйелердің компоненттік құрамы белгілі бір мақсатты
көздейтін жобалау қызметінің жүргізілу логикасын қамтамасыз етуге
қажетті және жеткілікті
болуы тиіс. Компоненттер құрамына енгізілетін
өзгерістер міндетті түрде негізделеді, оның себептері мен нәтижелері алдын
ала нақтыланады. Соған сай, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау
қызметі жүйенің
құрылымдық толықтығын
өзгертпей, оған жаңа компонент
қосылмайтындықтан қажетті және жетілікті құрылымдық логикасын
бұзбайды.
Жобалау – бұл, ең алдымен – ойлау қызметі, өйткені, оның барысында
оймен болжам жасау, ойша құрастыру жүзеге асырылады. Жобалау «алға
қойылған» деген ұғыммен түсіндірілетіндіктен, оны шешім қабылдау үшін
алға қойылған
Достарыңызбен бөлісу: