Сонымен қатар, педагогикалық жүйелер қызметтерінің нәтижелері
жүйе ішіндегі өзара тығыз байланыста болып келетін көптеген факторларға –
ресурстар мүмкіндігіне, ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, педагогтар
құндылықтарына, сыртқы ортамен байланысына
т.б. – тәуелді екені
ескеріледі.
Педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен барлық құрылымдардың
мақсаттарын сәйкестендіру және қызметтік құрылым мен адам ресурстарын
құрылымын нәтижеге жетуде тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін
мақсаттық - бағдарлы жобалар
болып табылады.
Мақсаттық - бағдарлы жобалар тиімді дамыту құралы болып
табылады, өйткені оны қолдану жағдайлары (белгілі бір құрылымдық жүйеге
өзгерістер ендіру, туындаған проблеманы кешенді тұрғыдан шешу қажеттігі,
әлеуметтік даму тенденцияларына сәйкес өзгерістер, т.б.) өтпелі кезеңнің
ерекшелігіне толық жауап береді, сонымен қатар, бұл бағдарлама әлеуметтік
- экономикалық жағдайларға сай мемлекеттік, аймақтық, аудандық қана
емес, белгілі бір жүйе, немесе ірі мекеме, ұйым
деңгейлерінде де сапалы
өзгерістерді жүзеге асырудың негізгі жолы ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді.
Жобалау негізінде шығармашылық топтар, шағын топтар, белсенді
топтар құрылуы мен олардың өзара байланыстарын көлденең, немесе желілік
сипатта нығайту қажеттігі, проблемалардың негізінен пәнаралық және
интегративтік сипатта болуы қалыптасқан құрылымға өзгерістер
қажеттігін тудырып, дәстүрлі қызметтер
матрицалық құрылым
арқылы
үйлестіріле қолданылады. Бұл иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай
басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің,
немесе элеметтердің
әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық «көлденең»
байланыстардың
болуына негізделеді.
Матрицалық құрылым өзара байланыстардың жаңа түрі болып
табылады. Оның басты ерекшелігі - басқарудағы дәстүрлі қызметтік және
жүйе элементтері мен басқарушы органдар арасындағы міндеттер мен
өкілеттіктері, жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіруге сүйене отырып,
мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттердің ерекше қызметін ұйымдастыра алуында.
Осылайша, жобалау қызметі барысында жаңа бөлімшелер құру, өз
тиімсіздігін көрсетіп отырған құрылымдық бөлімдерді жабу немесе қайта
құру, ішкі кадрлық өзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Мақсаттық - бағдарлы жобалардың алдымен дәстүрлі басқару циклдік
айналымына – жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, есептеу, реттеу, талдау –
негізделетінін ескеру қажет. Мысалы
бірінші кезеңде
: жобалық бағдарлама
құрастыру; кіру және шығу мәліметтерін дайындау;
нәтижелерді бақылау,
бағалау өлшемдерін даярлау; жобаны талдау және оны түзету жолдарын
жасау; талдау нәтижелерін ескеру және жобаны өзгерту жолдарын белгілеу.
Екінші кезеңде
, тиісті қызметтік сала басшылары мен бөлімшелердің,
мамандарының арнайы міндеттері мен қызметтерін бекітіп беру қажет, олар
берілген мақсат ауқымына сай әртүрлі болуы мүмкін.
Жүйені мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі негізінде
дамытудың үлгілік матрицалық құрылымы мақсатты түрде күтілетін
нәтижелерге бағытталауын көздейді. Мақсаттық - бағдарлы жобалар
тұрақты сипатта да, уақытша сипатта да бола алады, әрбір жобалық
бағдарламаны басқарушы тағайындалып, салалық орынбасарлардың, немесе
кіші жүйе басшыларының қызметтері белгіленген мақсаттарға
сай арнайы
ұйымдастырылады.
Төмендегі 6 - суретте мақсаттық - бағдарлы жобалaу қызметін
ұйымдастырудың матрицалық құрылым үлгісі ұсынылып отыр.
Сурет 6. Мақсатты–бағдарлы жобалаудың үлгілік матрицалық
құрылымы
Матрицалық құрылымның басты элементтері –
мақсаттық
-
бағдарлы
жобалар
(суретте шеңберлер ретінде берілген), олар салалық басшылар мен
ондағы қызметкерлердің мақсатты бағдарламаны орындау барысындағы
қайталанып отыратын қызметтерін көрсетеді.
Суреттегі тік сызықтар – басқару қызметтерімен және көлденең
сызықтар – мақсаттық - бағдарлы жобалармен байланыста болатынын
бейнелейді.Педагогикалық жүйелерді бүгінгі таңда бір уақытта бірнеше
мақсаттарды орындау қажеттігі туындап отырады, ол үшін жүйені
басқарушылардың тікелей ұйымдастыруын талап ететін бірнеше бағыттар
қамтылуы да мүмкін.
Жүйені басқарушы (ректор, директор,
жетекші ... )
Достарыңызбен бөлісу: