Жобалау қызметі туралы құжаттар құрастыруды аяқтау үшін оның
шын мәнінде орындауға болатынын тексеру жолдарын белгілеу керек.
Жобалаудың құжат ретінде
аяқталғаны, толықтығы
- онда жүзеге
асырылып жатқан үрдістердің дұрыстығын,
аралық нәтижелері мен
қорытындыларын тексеру, бағалау өлшемдері берілген бөлімінің болуынан
көрінеді. Бұл бөлім жобаларды бағалауға арналған эксперттердің
сараптамалық тәжірибелеріне сай жасалады. Бүгінгі тәжірибеде екі түрлі
сараптама қалыптасып отыр, олар:
Квалиметриялық сараптама
– бұл тексерілетін мәліметтердің
белгіленген сапалық нормалары негізінде қатаң процедуралармен тексеру.
Квалиметрия жүргізуші нақты технологиялар мен әдістемелерге сай
стандарттық көрсеткіштермен сараптама жасауы тиіс.
Статустық сараптама
– жобаны бағалауға тартылатын эксперттердің
мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал тәжірибесіне қатысты сараптама.
Мұнда белгілі бір өлшемдерге сүйенген сараптамашының
пікірі негізге
алынады, бұл жағдайларда тәуелсіз сараптамашылар бірнеше адамнан тұруы
мүмкін.
Жобалаудың жақсы жасалғандығының тағы бір белгісі – оның
аяқталуының рәсімделуі
. Оның нәтижесінің қандай болғанына қарамастан,
аяқталуы барысында талдаулар жасалуы мен объективті бағалануы басқа
ұйымдар мен адамдар үшін маңызды болып есептеледі.
Рәсімделіп аяқталуына көңіл аудару жобалауға қатысушылар үшін де
қажетті шара, өйткені олар белгілі бір деңгейдегі жұмысты қорытындылап,
таратылады. Сондықтан, бұл кезеңде төмендегі мәселелер команда мүшелері
тұрғысынан қорытылып, олар құжатқа енгізілуі қажет:
1)
Жобаны жүзеге асыру барысында қандай нәтижелерге қол
жеткізілді? Алдын ала белгіленген өзгерістердің барлығы да
орындалды ма?
2)
Жобалау негізіндегі өзгерістерді мүдделі
топтар не ұтты және
оны қалай қабылдады?
3)
Белгіленген бюжет жеткілікті болды ма?
4)
Жобалық өзгерістердің болашағы бар ма?
5)
Команда не нәрселерге қол жеткізді?
6)
Команданың әрбір мүшесі не ұтты?
7)
Жобалауға қатысушылар нені үйренді?
8)
Жобаға қатысу арқылы адамдардың жеке перспективаларында
не өзгерістер пайда болды?
Жүйеде бір уақытта бірнеше жобалар жүзеге асырылуы мүмкін.
Біреулері бір-бірінен тәуелсіз жүзеге асырылу мүмкін, ал біреулері – өзара
тығыз байланыста болуы немесе, жекелеген жаңа ендірлімдер мен олардың
арасындағы байланыстардан тұратын күрделі құрылымды құрауы мүмкін.
Жобаны жүзеге асыру оның басқалардан тәуелсіздігіне, команданың
жауапкершілігінің жоғары болуына, оған жауап беретін жетекшінің де жоба
шеңберінде билік ету құзіреттіліктері мол болуына байланысты. Сондықтан
жобаны орындауға кіріспес бұрын, ең әуелі,
қажетті команда құрамын
белгілеп алу маңызды. Стандарттық ситуацияларда қызметкерлерден
жаңашылдық пен бастамашылдық талап етілмейтін болса, қалыптан тыс
жағдайлар жобаны орындаушылардың ерекше қасиеттерін қажет етеді.
Мысалы, олардың қатарына төмендегі құзіреттіліктерді жатқызуға болады:
–
қалыптан тыс ойлау дағдылары;
–
тәуекел жағдайларда, шешімі белгісіз проблемалармен жұмыс
жасай алу қабілеттері;
–
командада
жұмыс жасау білетін;
–
өзгерістерге бейімділігі бар.
Жоба жетекшісі де осыған сәйкес қасиеттерге ие болуы шарт, олардың
қатарына:
–
лидерлік және харизматикалық қасиеттер;
–
команданы іске жұмылдыра алатын, олардың қабілеттерін
дамыта алатын, адамдардің өзіне және бір–біріне өзара
сенімділік жағдайын тудыра алатын;
–
маман ретіндегі құзіреттілігі ғана емес,
коммуникативтік
қабілеттері де жоғары болуы жатады.
Басқару үрдісінің тағы бір маңызды кезеңі –жоспарлау да қатаң
сипатта емес, индикаторлық сипатта орындалады. Индикаторлық сипат үш
деңгейлі сценарий бойынша жасалады, олар: жоғары деңгейде, орташа
деңгейде, мүмкін деңгей, немесе, өте төмен деңгейде, – осылардың
әрқайсысының нәтиже, уақыт, шығын көрсеткіштері белгіленеді.
Осындай
жағдайда жасалатын жоспар мақсатты – бағдарлы жобалар үшін икемді
болып келеді.
Төменде жобалау үрдісінің үздіксіз циклын құрайтын алгоритмі
беріліп отыр:
1)
Жобалаудың басталуы педагогикалық жүйелердегі әлеуметтік –
мәдени ситуациялар талаптарына сәйкессіздіктері анықталған
әрекет нормаларын өзгерту, қайта жаңғырту мақсатын көздейтін
ұйымның өзіндік сұранысынан, немесе сыртқы
Достарыңызбен бөлісу: