сызықшалар арқылы
көтерілу
үрдісті берілсе, төменге қарай бағытталған
сызықшалар
орындалу, жүзеге асырылу
үрдісін көрсетеді.
4 –
идеалдық құрылым
қабаты
З–
мәдениет
түрлері
қабаты
2–
әлеуметтік–мәдени
және ұйымдасқандық қабат
1–
менталдық түрлер
қабаты
Сурет 1 − Жобалау арқылы жаңа
мәдениет тудыру схемасы
Сурет қоғам ұйымдастырылуының бірнеше қабаттарға бөліну
принциптерін көрсетеді және олар екі үрдістің –
көтерілу
және
орындалу,
немесе жүзеге асырылу
– жүруі мүмкін екенін білдіреді. Бірінші үрдіс
әлеуметтік қабаттан мәденилікке, одан әрі идеалдыққа өтуді білдірсе,
екіншісі, идеалдық, яғни идея ретіндегі болмыстың мәдени және әлеуметтік
түрлерін ұйымдастыру
арқылы бойына ала отырып
менталитетте, салт
пен дәстүрлерде бекітілуі
болып табылады. Н.Г.Алексеев атап көрсеткен
білім берудегі инновациялық қозғалыстарды мәденилендіру жолдары осы
көтерілу
үрдісіне де,
жүзеге асырылу
үрдісіне де сәйкес келеді дей аламыз.
Өйткені, жобалау қызметі үздік үлгілерін іріктеп алу
көтерілу
үрдісіне, ал
жобалауды технологиялық құрастыру мен теориялық зерделеу
жүзеге
асырылу
үрдісіне тән құбылыстар.
Жобалаудың жоғарыда аталған үш аспектісінің синтезі осы екі үрдісті
де қамтиды. Мысалы, білім беру ұйымын басқарудың мәдени –
инновациялық сипатын алатын болсақ, оның
технологиялық циклы білім
берудегі тәжірибені қайта жаңғыртуға деген әлеуметтік сұраныс
қабылдаудан басталып, инновациялық жобалау арықылы жүзеге асырылады.
Тәжірибелік – бағытталған ғылыми контекстегі жобалау педагог –
практиктердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге қажеттіктерінен пайда
болады, яғни ол да әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабатынан
шығады. Осы екі жағдайда да болашақтағы инновациялық қайта құрулардың
мәдени түрі ретінде
жобалау
қызметі алынады. Бұл контекстердің негізгі
айырмашылығы идеалдық
құрылым қабатында дей аламыз, өйткені, осы
жерде ғана жобаланып отырған нысан өзінің басымдық тұрпатына сай
идеалдық құрылымына ие болады. Ол ерекшеліктер төменде 2-суретте
берілген.
4 –
идеалдық құрылым
қабаты
З–
мәдениет
түрлері
қабаты
2–
әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабат
1–
менталдық түрлер қабаты
Сурет 2 − Жобалаудың білім беру мен ғылыми әрекеттердің мәдени-
инновациялық түрі ретіндегі схемасы
Атап айтқанда, жобалаудың мәдени контексті философия арқылы
қамтамасыз етіледі, басқару контекстіндегі
жобалау қызметі әдіснамалық
қамтамасыз етіледі, ал, ғылыми контекстегі жобалау әрекеттері білім
саласына
қызмет
ететін
педагогика,
психология,
әлеуметтану
ғылымдарының идеалдық құрылымдарының сипатын алады.
Мысал үшін, педагогикалық тәжірибенің даму барысында кем дегенде
үш мәдени - инновациялық құрылым қалыптасты деп айта аламыз.
Біріншісін
, катехезистік, діни педагогика деуге болады, оның базалық
мазмұны діни ритуалдар мен символдар аясындағы тәртіп пен әрекеттермен
байланыстырамыз. XVI ғасырдың аяғында Ян Амос Коменский
идеяларының
ықпалымен
екінші
, эпистемологиялық педагогикалық
құрылым қалыптасты. Оның негізгі мазмұны объектіге бағытталған оқыту
болса, басты девизі «барлығына да барлық білімді беру» болып танылды.
Бұл құрылым осы күнге дейін оқытудың негізіне алынып келеді, яғни,
мәдениет тасымалдау құралы ретінде теориялар мен модельдерді оқытуды,
білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік-мәдени түрі ретінде класс-сабақ
жүйесін негізге алады.
Үшінші
педагогикалық құрылымды инструменталдық,
немесе технологиялық атауға болады. XVIІІ ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың
басында пайда болған құрылым білім мазмұнына негізінен құралдар мен
әдіс- тәсілдер ұсынған болатын.
Бүгінгі кезең педагогикада мүлдем жаңа
құрылым қалыптасып келе
жатқанын көрсетіп отыр, оның негізіне жоғарыда аталған құрылымдарға
қарағанда білім, білік, дағдылер мен қажетті сапалар синтезі ретінде
қалыптасып келе жатқаны белгілі.
Жобалауды дайындау және құрастыру кәсіби мәдениеттерде пайда
болған таңбалар түрлері–теориялар, модельдер, түсініктер, ұғымдар,
формулалар мен алгоритмдер негізінде жасалады.
Бұлардың барлығын
ұйымдастырудың ең жаңа және тиімді құрылымы барлық бұқаралық қарым–
қатынас саласында, басқару мен экономика саласында, ақпараттық қызмет
көрсету мен білім беру салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан –
Достарыңызбен бөлісу: