Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет29/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемаларды ата.

  2. Арал теңізі неліктен тартылуда?

  3. Балқаш маңының экологиялық жағдайын сипатта.

  4. Биосферадағы кедергілер қалай қалыптасады?

  5. Кедергілердің бүлінген жерлерді қалпына келтірудегі алатын орны.

  6. Экологиялық проблемалардың келбетінің суретін салып бер.

  7. Семей полигонының зардаптары қандай (мысал негізінде)?

11 дәріс. Халықаралық ұйымдар және қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалар


Қоршаған ортаны қорғауды геоэкология және табиғатты қорғау ғылымдары айналысады. Сондықтан геоэкология іс жүзінде экологиялық құқықпен тығыз байланысты. Экологиялық құқық дегеніміз – табиғат ресурстарын қорғау мен қоғам арасындағы байланыстардыреттеп отыратын және құқықтық нормалардың ғылыми жиынтығы.


Қазақстан Республикасында адамды қоршаған ортаны қорғау жөнінде көптеген заңнамалар мен нормативті құқықтық актілер жұмыс істейді.
Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
Қазір Республикада келесі кодекстер жұмыс жасайды:

  • ҚР-ның Су кодексі (2003 ж.);

  • ҚР-ның Жер кодексі (2003 ж.);

  • ҚР-ның Орман кодексі (2003 ж.).

  • ҚР-ның Экологиялық кодексі (2007 ж.).

Қазақстанда ҚР-ның Үкіметінің бекіткен бірнеше қаулылары бар. Соларды атап өтейік:

  • Қоршаған ортаны ластауға берілген рұқсатты ережелер (2001 ж.);

  • ҚР-да радиоактивті қалдықтарды көму ережелерінің жағдайлары (1996 ж.);

  • «ҚР-ғы Қызыл кітап жөніндегі жағдайлар» (1995 ж.) және т.б. нормативтік актілер.

Қазақстанда 2003 жылы ҚР-ның Президентінің «2004-2005 жылдарына арналған ҚР-ғы экологиялық қауіпсіздік концепциясы жөніндегі» Указы қабылданды. Онда таяудағы болашақта қоршаған ортаны қорғаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалды.
ҚР-ның «Экологиялық кодексі» талдану үстінде.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сферада бірнеше халықаралық формалар бар. Оның ішінде: әртүрлі ұйымдар, комитеттер, комиссиялар, халықаралық келісімдер (конвенциялар), зерттеу бағдарламалары мен проектілері. Халықаралық бөлінудің формаларының көбі геоэкология мақсаттарына жауап береді.
Қазақстан Республикасы қоршаған орта туралы бірнеше келісм-шарттарға қол қойды. Солардың көбінің әдістемелік маңызы бар:

  • Орхус конвенциясы (2001 ж.), экологиялық жаңалықтарға жол береді;

  • Биологиялық әртүрлілік жөніндегі конвенция (1994 ж.);

  • Шөлдену үрдісімен күресудегі БҰҰ-ның конвенциясы (2001 ж.);

  • Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның конвенциясы (1996 ж.(;

  • Климаттың өзгеруі жөніндегі конвенциядағы Киот хаттамасы (1999 ж.);

  • Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясы (1998 ж.);

  • Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль конвенциясы (1997 ж.);

  • Бүкіләлемдік мәдени және табиғи байлықтарды қорғау жөніндегі конвенция (1994 ж.);

  • Аса қауіпті қалдықтарды шекара бойынша тасымалдауды қадағалау жөніндегі Базель конвенциясы (1997 ж.) және т.б.

Қазақстан халықаралық деңгейдегі экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі, оларды қаражаттандыру жөніндегі бірнеше ұйымдармен ынтымақтастықта. Олардың ішінде:

  • БҰҰ мен ЮНЕП қоршаған орта жөніндегі комиссиясы;

  • БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымдары;

  • Бүкіләлемдік мереорологиялық ұйым (БМҰ);

  • БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы;

  • Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын қорғау одағы (ХТҚО);

  • Жабайы табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік фонды;

  • Европалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК);

  • Экономикалық ынтымақтыстық пен дамудың ұйымы (ЭЫДҰ).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет