Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет27/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)
рубежка физио, Силлабус 2022-2023 философия, Жумашева Силлабус Педагогикалық зерттеулер.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

      1. Топырақ дегеніміз не?

      2. Топырақтың екінші рет тұздануы қалай жүреді?

      3. Топырақтың негізгі қасиеттерін ата.

      4. Топырақ қалай бүлінеді?

      5. Негізгі ластану көздерін ата.

      6. Топырақ эрозиясын қалай түсінесің?

10 дәріс. Қоршаған ортаның аймақтық проблемалары.




Қарастырылатын сұрақтар: Арал, Балқаш, Каспий және Семей полигоны өңіріндегі (немесе Қазақстанның нақтылы аймақтарындағы) қоршаған ортаны қорғау проблемалары. Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру.
Арал маңындағы территория қазіргі кезде қатты өзгеріске ұшыраған. Себебі, Қызылорда мен Шардара массивтерінің жерлері суарылғандықтан осы мәселеге әкеп соғуда. Суару – ылғалы аз жерлерді су жеткізу арқылы қолдан суару, топырақтағы су қорын арттыру.
XX ғасырдың басында Сырдария мен Арал теңізі табиғи түрде өзгеріске ұшырамаған болып есептелінді. Кей жерлерде адамдар толық қоныстанбаған болды. Кейіннен адамдардың шаруашылық әрекетінен территория ластана бастады. Адамдар біртіндеп шаруашылық әрекет арқылы күріш егіп, бау-бақша еге бастады.
Осы аймақта кейіннен судың топырақты шаю үрдістері тарай бастады. Тоғай сияқты аңғарлық және жайылмалық жерлерді ауылшаруашылық тұрғыда пайдалану үшін, тазарту арқылы адамдар жабайы аңдар мен балықтардың жоғалып кетуіне де себепкер болды. Қазір бұл үрдістер қалпына келмейтін түрлерге айналуда. Сырдария өзенінің және оның салаларының жайылмалық террасаларын жырту нәтижесінде топырақтың екінші рет тұздануы мен шайылуы анықталуда. Осының барлығы топырақтың дефляциясына әкеліп соғуда.
Арал проблемасының тууына басты себепші болған – адам әрекеті. Аралға құятын екі ірі өзен - Әмудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді суландыруға пайдалану. Бұл онсыз да булануы көп шөл зонасындағы теңіз суының тартылуына әкеп соқты.
Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 га тоғай, жануарлар дүнесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң шөлге айналды. Теңіздің тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды.
Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Қазір «арал тағдыры – адам тағдыры» деген қанатты сөз кеңінен тараған. Келтірілген мысал бір ғана емес, мысалы су, басқа құрам бөліктердің бүкіл табиғат кешенінің өзгеріп, экологиялық апат аймағына айналғанын дәлелдей түседі.
Арал-Сырдария маңын профессор К.М.Джаналеева ірі макрогеожүйеге біріктіреді. Осы аймақта күрішті белсенді егу барысында және суды ұтымсыз пайдаланудың барысында су ресурстары қатты ластанған. Территорияда судың бөлігіне лақтырма сулар түскендіктен тіпті жер асты суларының ластануына әсер етуде. Осы проблемаларды шешу үшін арнайы Үкімет тарапынан Кешенді бағдарлама қабылдану керек.
Балқаш маңының проблемасы да Қазақстандағы экологиялық проблемаларға жатады. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен СЭС-ның салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығ кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді.
Нәтижесінде сондағы ондатра, балық және ауыл шаруашылығына көп зиян келді. Ақдала өңірін суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін аса қауіпті.
Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафттар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады.
Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әртүрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар, алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.


Қазақстандағы экологиялық проблемалар және оларды шешудің жолдары (А.В.Чигаркин бойынша)



р/р



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет