Жердегі топырақтың минералдық құрамы. Минералдардың химиялық құрамы үнемі тұрақты болып өзгеріссіз қала бермейді. Табиғатта өтіп жататын процестер оларға үнемі әсер етеді.
Табиғатта тек бір ғана элементтен тұратын минералдарға алтын, мыс, күкірт, алмас жатады.
жай тұздар катиондар мен аниондардан тұрады. Мысалы, галит пен галенит натрий мен қорғасының катиондарынан, хлор мен күкірттің аниондарынан құралады. Минералдық құрамы күрделілеу келген кейбір минералдар атомдық топтардан-радикалдардан тұрады. Радикалдың центрінде валентілігі төмен ірі катиондармен қоршалып өзара берік ковалентілік байланыс құрайды .Силикаттар құрамындағы кремнийоттек тетраэдрі [8іО4]4" иондарының өлшемдері мынандай :8і4+- 0.39 А^О'М.32 А°.
Қос тұздарға иондық радиустарының мөлшері үлкен, изоморфтық алмасуға бейімділігі жоқ екі катион кіреді. Мысалы: доламит СаМ§[СО3]2?Са- 1.04 А°; карналлит КМ§ 6Н2ОД+-1.33 А°5М§2+-0.74 А°.
Минералдардың физикалық қасиеттері. Олардың химиялық құрамы және кристалдық құрылымымен байланысты.
Топырақтағы зат айналымы. Топырақтағы ресурстарды 2-ге бөледі:
Жер ресурстары – экономиканың әртүрлі салаларында кеңінен пайдаланылатын құрлықтың территориясы, бөлігі. Яғни, жер ресурстары бұл қоғамның шаруашылық қажетіне жұмсалатын ірі жер массивтерінің жиынтығы. Олар көбіне жарамды жерлер ретінде қарастырылады. Оларға шабындықтар, жайылымдар, ормандар жатады.
Қазақстанда жер ресурстары негізінен ауылшаруашылыққа жарамды жерлермен ажыратылады (81,6%). Қазақстандағы шабындық 1,8%, ал жайылым 68,7%-ды құрайды.
Топырақ ресурстары – бұл нақты территорияның, аймақтың топырақ жамылғысының пайдаланудың формаларынан басқа алғандағы (шабындық, жайылым және т.б.) ресурстары.
Топырақ дегеніміз – Жердің табиғи ресурсы, өндірістің құралы және әлемдік қорғаудың объектісі. Оны сақтау мен қорғау нәтижесінде биосферадағы экологиялық тепе-теңдік түзеледі.
Мысалы, Қазақстанның жалпы аумағынан 272,5 млн. га-дан топырақ 235 млн. га алады, оның ішінде жазықты жердегі – 201 млн. га және таулы – 34 млн. га (1 га 10 000 м2-ге тең).
ҚР-ның территориясында барлығы 700-ге жуық топырақ түрлері бар. Топырақ жамылғысының құрамында автоморфтық түрлері басым (82%), олар атмосфералық ылғалдануды қажет етеді, ал гидроморфтық және жартылай гидроморфтық түрлер 12%-ды алады, олар атмосфералық ылғалдан басқа еспе суларынан ылғал жинайды.
Сонымен қатар, 20 млн. га жерді сортаңды топырақтар алып жатыр (сортаңдар, сорлар-олар жер шаруашылыған пайдаланылмайды); 27 млн. га жерді құмды массивтер алып жатыр; 222,3 млн. га жер ауылшаруашылыққа жарамды жерлердің үлесіне тиеді.
Жыртуға жарамды жерлердің қоры ҚР-да 61 млн. га. оның 53 млн. га – жазықты жерлер, ал 8 млн. га – тауларға тиеді.
Биосферадағы нағыз болашақтағы құнарлы жерлер сұр, ашық қызғылт, сұрғылт топырақтың түрлері болуы мүмкін. Бірақ оларды игеру үшін өте көп экономикалық қаражаттар керек етеді.
Топырақ-жер ресурстары ресурстарды қайта өңдеу сферасында өткізілетін практикалық шаралар:
Жер кадастры мен жер қыртысы заңының сұраныстарын сақтау.
Топырақ-жарамды жерлерді қалпына келтіру мен заңнамалардың сұраныстарын орындау.
Қолданылған жерлерді шаруашылыққа қайтару.
Шалғын, орман жерлері, бақшалық саябақтық массивтерді мақсатсыз пайдалануды және оны заңсыз түрде басып кірудегі бұзылған қателіктерді қарастырады.
Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру.
Егінді дұрыс екпегендіктен және т.б. тыңайтылған жерлердегі себептерге байланысты топырақтың құнарлылығы солтүстік өңірлерде жақсы байқалады. Осы жағдайларды болдырмау үшін далалық егін себу ережелерін дұрыс сақтап, қадағалау қажет.