Климатты реттеудегі мұхиттардың маңызы. Теңіздер мен мұхиттар өнімділігі.Табиғи және ластанған сулардың химиялық құрамы.
Дүние жүзілік мұхитты 4 негізгі бөлікке бөледі – Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиты.
Әлемдік мұхиттың сулары бірнеше жалпы белгілерге ие:
мұхиттардағы барлық сулар бір-бірімен қосылып жатыр;
олардағы судың деңгейі бірдей;
мұхиттың суы ондағы еріген минералдық заттарға байланысты дәмі ащы-тұзды болып келеді.
Мұхит суының физикалық-химиялық қасиеттеріне мыналар жатады: тұздылығы, тығыздығы, түсі, радиоактивтілігі, электрөткізгіштігі. Мұхит суының орташа тұздылығы 35 промилль, яғни 1 кг суда 35 г тұз ериді. Судың тығыздығы тұздылық пен температураға байланысты: неғұрлым судың температурасы төмендеген сайын,оның тығыздығы артады, ол экватордан полюстерге қарай ұлғаяды. Судың түсі мен мөлдірлігі күннің шағылысуына, түсуіне, органикалық қосылыстарға байланысты көгілдір, көк және жасыл-сарғыш-қоңыр болады. Ең мөлдір теңіздерге Саргасс (66м), Жерорта (60м), Қара (28м), Балтық (12м) жатады.
Әлемдік мұхиттың суы біркелкі таралмаған. Оңтүстік жарты шарда 30-70º ендіктерде мұхит 95%, ал солтүстік жарты шарда 44%-ды алып жатыр. Бұдан оңтүстік жарты шарды мұхиттық деп атасақ, солтүстікті жарты шарды материктік деуге болады.
Теңіз - басқа бөліктерден температурасы, тұздылығы және теңіз суының толысуымен ерекшеленетін мұхиттың бір бөлігі. Теңіздер қазаншұңқырларының пайда болуына қарай және орналасуына қарай бөлінеді: тектоникалық, вулкандық Қызыл, Кариб, Жерорта), шеткі және ішкі теңіздер болып бөлінеді. Ішкі теңіздер құрлыққа терең еніп, материктің ішіне орналасады да, мұхитпен және басқа теңіздермен бұғаздар арқылы байланысады (Жерорта, Балтық теңіздері), шеткі теңіздер материктердің жағалауына орналасады (Беринг, Охот, Жапон теңіздері). Географиялық ораналасуына қарай теңіздерді материктік (Жерорта теңізі және т.б.) және материк ішілік (Балтық теңізі және т.б.) бөледі. Ерекшеліктері мен жағдайларына қарай теңіздерді ішкі (Қара, Ақ теңіздері және т.б.), шеткі (Баренц, Охот теңіздері және т.б.) және араларалық (Ява, Банда және т.б.).
Теңіздер мен шығанақтар бір-бірімен бұғаздар арқылы қосылады.
Бұғаздар – құрлық арасындағы неғұрлым тар сулармен бөлінген бөлігі. Оларда негізінен ағыстар болады. Кей бұғаздар өте кең болғандықтан, зор суларды тасиды (Дрейка бұғазы), кейбірі – ирелеңдеген және таяз сулы (Босфор, Магеллан бұғаздары).
Тұздардан басқа мұхит суында көптеген газдар еріген, әсіресе оттегі. Оттегі тірі организмдердің тыныс алулары үшін керек. Суық поляр теңіздерінің суларында оттегі аз болады.
Теңіз жануарлары мұхит суларының құрамындағы көмірқышқыл газын қаңқаларды құру үшін пайдаланады.
Мұхиттардағы судың температурасы біркелкі емес және ол экваторда 27-28ºС болса, поляр ендіктерінде -20ºС. Ал қоңыржай ендіктерде маусым бойынша өзгеріп отырады (0 ден +20ºС).
Әлемдік мұхиттардағы сулар ылғи да қозғалыста болады. Қозғалыстың 3 түрін бөледі: толқындық, келетін және аралас.
Достарыңызбен бөлісу: |