Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет17/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)
рубежка физио, Силлабус 2022-2023 философия, Жумашева Силлабус Педагогикалық зерттеулер.
Тропосфера – атмосфераның төменгі негізгі қабаты. Жер бетінен биіктігі полюстерде 8-10километр, қоңыржай ендіктерде 10-12 километр, экватор тұсында 16-18 километр. Бүкіл атмосфера ауасының 4/5 бөлігі, су буының көпшілігі осында шоғырланған. Тропосферада бұлт пайда болады, циклондар, антициклондар тұрады. Грекше тропос – бұрылыс деген мағына береді. Троспосферада ауа әрқашанда алмасып тұрады. Бұнда су буының конденсациясы, тұман және бұлттар, жаңбыр, қар, найзағай, борандар осында қалыптасады. Одан кейін тропосфера мен стратосфераның арасындағы қалыңдығы 2 километрдей өтпелі қабат “тропопауза” орналасқан.
Стратосфера – тропосферадан да биіктікте орналасқан атмосфераның қабаты ( лат.“стратум” – қабат). Ол 10-15 километрде басталып, 50-55 километрге дейін жетеді. Оның төменгі шекарасындағы температура – 550 С. Стратосферада атмосфераның 20% ауасы бар. 200 километрге дейін температурасы 700 С болады да, 55 километрден жоғары температура жоғарылайды. Бақылаушы адамға стратосферадағы аспан түсі көгілдір емес, ол қою көгілдір болып көрінеді. Себебі, бұнда ылғал мүлдем болмағандықтан, күн сәулелері шағылыспайды. Кейде бірен – саран күміс сияқты бұлттар қалыптасады.
Стратосферада озоносфера қабаты таралады. Озон қабаты (гр. “озон”- иісті ). Күннің ультракүлгін радияцияларының жолындағы қорғаныш кедергі болып табылады. Жер атмосфераның қалыңдығы 8 километрдей болса, озон қабатының қалыңдығы небары 3 миллиметр. Ол оттегінің 3 атомынан тұрады. Ол жердегі тіршілік үшін өте маңызды. Себебі, ультра күлгін сәулемен сәулеленудің зардабы мутацияға әкеп соғады, бұдан терінің ракпен ауруы артады. Сондықтан озон қабатын сақтау проблемасы ғылыми саладан саясат пен экономиканың проблемасына айналып отыр. Ол Күн сәулесінің тура түспеуіне кедергі жасайды да, Жер бетінде тіршіліктің болуына жол береді.
Мезосфера – атмосфераның үшінші қабаты. Ол 50 –60 километрден 80-90 километрге дейінгі биіктікке созылады. Сонымен атмосфераның аралық қабаты болып табылады. Оны кейде стратопауза деп атайды. 75-85 километр биіктікте температура мезосферада төмендеп, одан кейін шұғыл көтеріле бастайды.
Атмосфераның төртінші қабаты термосфера деп аталады. Ол 80-90 километрден 800 километрге дейін созылады. Бұнда температура бірнеше жүздеген тіпті 10000 С –қа дейін жетеді. Биосферада ол қорғаныш қызметін ғана атқарады. Рентген жарықтарын жұтып күн системасының зиянды әрекетінен жер шарын қорғайды.
1000 километрден жоғары сыртқы атмосфера басталады немесе оны экзосфера деп атайды. Ол 2000-3000 километрге дейін созылады. Жер бетімен әсерлесуі бойынша атмосфера :
1-кесте.
Атмосфераның орташа химиялық құрамы

Химиялық элемент

Көлемдік мөлшері
%

Салмақтық
%

N2
O2
Ar
CO2
Ne
He
CH4
Kr
N2O
H2
Xe
O3

78,08
20,95
0,93
0,03
1,8 х 10-3
5,2 х 10-4
2,2 х 10-4
1 х 10-4
1 х 10-4
5 х 10-5
8 х 10-6
1 х 10-6

75,51
23,15
1,28
0,046
1,25 х 10-3
0,72 х 10-4
1,2 х 10-4
2,9 х 10-4
1,5 х 10-4
0,3 х 10-5
3,6 х 10-5
3,6 х 10-5

Атмосфера немесе ауа жер бетінде негізгі екі газдың механикалық қосылысымен таралады. Яғни азот (78,08% ), оттегі (20,94% ) және 0,03%-ке жуық көмірқышқыл газы бар. 1%-ке жуығы инертті газдардың қосындыларынан құралады ( аргон, гелий, криптон, ксенон ).


Атмосферада әрқашанда су буы бар. Оның мөлшері 1% , кейде қатты аяздарда 4%-ке жетеді. Өте аз мөлшерде озон, аммиак, сутегі, йод, әртүрлі жағдайдағы мысалы космостық, органикалық, неорганикалық шаң-тозаңдар кездеседі.
Жердің геологиялық тарихының бас кезінде магнитосфераның көмегі арқылы, екіншілік көмірқышқылды атмосфера ажыратылады. CO2 жер қойнауының вулканизм мен орогенездің тез жүруіне байланысты бөліне бастайды. Осы атмосферада, Жерде тіршілік пайда бола бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет